Өлең, жыр, ақындар

Алматыға барар жолда...

Сабақ уақыты. Құрбыммен әңгімелесіп отырып, оның «Мөлдір бұлақ» журналының жас тілішілері» деген ватсап тобын көріп қалдым. Топқа бір сурет жіберіліпті, көзім шалып қалды да суретті көруді сұрадым. «Мөлдір бұлақ» журналының М. Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған « Талан табиғаттан, талап өзіңнен» атты сайыс ережесі жолданған екен. Байқау шартын мұқият оқып шықтым да, тиісті нөміріне жаздым. Сайыстың ұйымдастырушысы белгілі қоғам қайраткері, Мұзафартанушы, «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас редакторы – Дәулетбек Байтұрсынұлы болды. 

Сайыстың аяқталуына 3 күн қалған тұста, жұмысымды жолдадым. Арада бір апта өткен соң, сайыстың нәтижесі келді. Дәулетбек Байтұрсынұлы менің эссемнің бір жүлдеге ілінгенін айтты. Таңдандым, мен үшін күтпеген қуаныш еді. Сайыстың жүлдесі Алматы қаласында беріледі деген шартты туралады. Көңілім түсіп қалды, себебі Алматыға бара алмайтынымды білдім. Оған Алматыға жолға шыға алмайтынымды, диплом мен сыйлығымды пошта арқылы салып жіберуін ұсындым. Қабылдаған жоқ. Тек Алматы қаласында ғана беріледі деп тұрып алды. Келе алмасаң жүлдеңді басқа талапкерге табыстаймыз деген талабын айтты. Көзімнен жас өздігінен аға жөнелді. Дереу өзімнің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен беретін мұғаліміме жаздым, бар жағдайды баяндадым. Егер де Алматыда туыс – жақындары болса, алып кете алады ма деп сұрадым. Ол хабарласып, білейін деп жауап қайырды. Бұл күту мен үшін азапты минуттар еді. Дәулетбек аға тек жарты сағат уақыт берген еді. Мұғалімім жарыстың ұйымдастырушысының байланыс нөмірін сұрап, сайыс жайлы толық танысқысы келді. Біраздан соң, мұғалімім «Медина, жарысқа бөгде адамды жүлдені алып кету үшін жіберуге болмайды екен. Мен немесе ата – анаң сенімен бірге жолға шығып, алып кетуі керек» деп айтты. Ақылдасып, жөн сұрасайын десем, ата – анам да үйде жоқ еді. Екеуі де жұмыста болатын. Кейін құрбым екеуіміз далаға серуендеуге шықтық. Ол менің жыламсыраған түрімді көріп, не жағдай болғанын сұрады. Бар мәселені түсіндірдім . Сол нәрсеге де адам жылайды ма екен деп жұбатты. Бірер минуттан соң, мұғалімім «жеке куәлігіңнің суретін жібер, екеумізге Алматыға барып – қайтуға билет таптым» деді. Мен аңтарылып тұрып қалдым. Әлі ата – анам да бұл жағдайдан бейхабар, бірақ билеттің уақыты кетіп жатыр еді. Сәл кешіксем, бітіп қалайын деді. Неде болса, анама қоңырау шаламын деп шештім. Анама барлығын түсіндірдім де, «бұны үйге келген соң, шешеміз, қазір емес» деген жауапты алдым. Көп күтпей анам тағы да қоңырау шалды. Не болғанын қайтадан сұрады, мен қайта түсіндірдім. Сөйтті де, « Жақсы апайың билет ала берсін» деді. Қуанышымнан жеті қат аспан құшағына кіргім келді. Қасымда тұрған құрбымды он қайтара құшақтап, іштегі көңіл күйімді жеткіздім. Ал енді, билет сәтті алынды, сайыстан шақыру қағазы жетті.

Алматыға жолға шығар күн де жетті. Сағат 20 : 00 пойыға міндік де, мақсатты қаламызға аттандық. Пойыз сағат түскі бірде жетуі керек болатын. Бірақ, жол бойында мына жағдай болмағанда...

Пойыз Шу станциясына әдеткі тәртібімен тоқтады. 15 минут шамасында аялдап тұрды. Пойыз жүруге ыңғайланды . Енді Шудан өте бергенде қалың боран түтеп, жолдың бағдары көрінбеді. Барлық жолаушылар даурыға бастады.Қардың қатты борап, түтегенінен жолдың ізі мүлде көрінген жоқ. Пойыздың ендігі жүрісі қиындай бастады. Ақырын, баяу қозғалысы рельстің бетімен ербеңдей сүйрей бастады. Бір шақта лезде тоқтап қалды. Сол тоқтап қалғанына мол тоқтады. Екі сағат Шудың бойында тұрып қалдық. Көмекке біреуді сұрайық десек, жол бойында тірі жан да жоқ. Көмекке қосымша пойыздарды сұрайын десек, олардың өздері сол тығырыққа тап болды. Алматыға жетпей қаламыз ба деген уайым барлығымыздың көкейінде тұрды.

Әрдуірлеп сағат кешкі 6 - да бірақ Алматыға аман – есен жеттік. Бір күн туысымның үйінде түнеп шығып, таңертең сағат 9 – да мараппаттауға шықтым. Төле би мен Мұхтар Әуезов көшелерінің қиылысында орнласқан қалалық кітапханада жүлдені табыстау өтті. Қонаққа тау тұлға М. Әлімбаевтың артынан ерген тұяғы, ұлы – Баламер Әлімбаев келді. Ардагер журналист Қали Сәрсебай, «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Ертай Айғали, ақын – жазушы Саят Қамшыгер келіп, өз қолдарымен марапатты ұсынды. Алып ақынның мұрагерін көру мен үшін ең ұмытылмас, бағалы сәт болды. Алматыға жетудегі қиындықтың бәрі жадымнан өшіп кетті.

Менің бұл қалаға ешбір кедергіге, соққан боранға қарамай келуге ұмтылуым бір жапырақ диплом мен сыйлық алу үшін болып көрінгенмен, өзімнің болашақ мамандығым журналистика саласына жасаған ең үлкен қадам деп болдым. Өз арманыңнан бас тартпай, тек алға қарай көсілу – сені тек алып мінберге алып шығады. Сенің арманың ешкімнің ойына бағынбауы тиіс. Тек алға!

Бұл оқиғам арқылы көп оқырманның арманына жетуге асық болуын негіздей аламын деп ойлаймын. Егер де сенің келешекке қатысты жарқын ойыңды оятсам, қуаныштмын достым!

Садық Медина


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз