Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі https://farabi.university/, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасында түрлі жобалармен жұмыс атқарылуда солардың бірі «Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам: компаративистік дискурс» жобасы.
Жобаның басты мақсаты – әл-Фараби мен барлық түркі халықтарының мұрасындағы ізгілік, кемел адам, көшбасшылық, тұлғалық қалыптасу мәселелерін зерттеу болып табылады.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби туралы білмейтін адам кемде-кем шығар. Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Аристотельден кейін "екінші ұстаз" атағына ие болды. Әл-Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстырып, еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал еткен ғұлама. Ғұламаның еңбектері әлі күнге дейін өз маңыздылығын жыл өткен сайын артпаса жоғалтқан жоқ.
Бұл жобада әл-Фараби және түркі халықтарының мұрасын теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттеудің философиялық, әлеуметтік, тарихи-педагогикалық жағынан өте маңызы зор.
Фараби бабамыздың ғылыми-шығармашылық мұрасына жұртшылықтың назарын аудару һәм теңіздей телегей еңбектерін зерттеу мақсатын діттеген жоба барысында ойшылдың трактаттары талқыланып, ғылыми жұмыстарын зерттеу бойынша бірыңғай дерекқор құру және оның шығармаларын насихаттау алынып отыр.
Ортағасырлық ұлы ғалым және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің қазіргі заман контекстіндегі негізгі ғылыми және философиялық көзқарастары, оның шығармашылық мұрасы адамзаттың маңызды мәселелерінің бірі – бақытқа жету жолдарын іздеу тұрғысынан талданады.
Әр заманда қоғамда тәрбие беру тәсілі ізгі адам тәрбиелеу мен қалыптастырудың мәні өмір сүру салты өзгеріп отырады. Әл-Фараби мен түркі ойшылдарының адам мәселесіне қатысты идеяларын негізге ала отырып, түркілік тұтастық теориясын зерделеу мақсат ретінде алынып отыр. Жобада әл-Фараби бабамыздың мұрасымен түркі тілдес елдердің бұрынғысы мен бүгінгі кездегі өмір сүрумен қатар осы кезге дейін жеткен жетістіктері айқындалады.
Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті,
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы,
8D03102-мәдениеттану мамандығы
2 курс докторанты Есболова М.А.
Ғылыми жетекші
Философия және саясаттану факультеті деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы
орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты аға оқытушы Өмірбекова А.О.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі