Телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады.
4 бөлімді тарихи телехикаяда Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, ұлт үшін басын құрбандыққа шалған қайраткерлігі туралы баяндалады.Телехикаяда Мағжан Жұмабаев өмірінің 1915-1921 жылдар аралығындағы кезеңі қамтылған. Орынборға келуі, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген шағы, Сәкен Сейфуллинмен достығы, Қызылжар мұғалімдер курсының оқытушысы Гүлсім Камаловаға ғашық болуы суреттеледі. Тарихи драмада ақынның замандастары Міржақып Дулатов пен Сәбит Мұқановтың бейнелері де бар.
”Ұлы Дала Таңы”фильмі - 2022 жылы жарыққа шыққан Қасым хан жайлы түсірілген фильм. Ұлы тұлғалар ұрпаққа ұлағат. Ал, Ұлы тұлғалар ұрпаққа ұлағат. Ал, Қасым хан – талайынан бәсі басым хан. Оның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Осы тұрғыда фильмнің атауы жәй теңеу емес. Ақиқатында «Ұлы дала таңын» атырған аңыз адам. талайынан бәсі басым хан. Оның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Осы тұрғыда фильмнің атауы жәй теңеу емес. Ақиқатында «Ұлы дала таңын» атырған аңыз адам.
Фильм сюжетінің негізіне жоңғарларға қарсы күресте ересек сарбаздармен бірге кең-байтақ жері мен елін қорғауға бел буған өжет те жас мың жауынгер туралы аңыз желісі алынған. Бейнефильм XVIII ғасырдың бірінші жартысында - қазақ тарихының бетбұрыс кезеңінде, жоңғарлармен қанды соғыста қазақ халқының бірлігі мен батырлығы еркіндік алу жолында шешуші күшке айналған кезде орын алады.
”Томирис” фильмі - массагеттерді билеген ханшайым Томирис пен Кир ІІ туралы түсірілген. . Режиссёрі Ақан Сатаев. Фильмнің тұсаукесері 2019 жылдың қыркүйек айында өтті. Фильм 93 күнде түсірілген. Жалпы жобаны шығару кезеңі екі жарым жылға созылды. Түсірілім алаңында бір уақытта 800 адамға жуық кісі жұмыс істеген күндер де болған. Шығармашылық топтың құрамында ең көп дегенде 400 адам.Қызығы, «Томирис» фильміне 2 млрд. 259 млн. теңге жұмсалған.
Сериалдың негізгі идеясы ретінде Ахмет Байтұрсынұлының: «Бай болу үшін кәсіп қылу керек, білімді болу үшін оқу керек, күшті болу үшін бірлік керек һәм осы керектердің жолында әрекет қылу керек» деген әйгілі сөзіндегі әрекет ұғымы алынып отыр.Бұл сериалда ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының басынан кешкен қиын қыстау тағдыры баяндала отырып, ұлт мұраты жолында жасаған дамылсыз әркеті насихатталады.
Телехикая 1823-1845 жылдар аралығында Бөкей Ордасында билік құрған Жәңгір ханға қатысты тарихи оқиғаларға негізделеді. Сериалда реформатор ханның саяси аренадағы рөлімен бірге, сарайдағы ішкі өмірі көркемдік тәсілмен әрленіп беріледі.Оқиғаның көп белгілі хан сарайында өтеді. Жәңгір хан алып келген жаңалықтар өз ордасының маңайында бой көтереді. Қыздар училищесі, емхана, дәріхана, ауа райын бақылайтын станция, баспахана және алғашқы мұражай, банк, жәрмеңке және орман шаруашылығы сияқты көптеген жаңалықтарды енгізгені негізгі идея ретінде көтеріледі.
Қазақтың көрнекті ғалымы, археолог, шығыстанушы Әлкей Марғұланның өмірі мен қызметі туралы өмірбаяндық драма. Тарихи туынды төрт бөлімнен тұрады. Телехикаяның сюжет желісіне Әлкейдің Семейдегі педагогикалық техникумда оқыған жасөспірім шағы, 30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған кезеңі және қазақтың батырлық жырларын зерттеп, жарыққа шығаруға ден қойған сәті арқау болады. Орталық және Шығыс Қазақстан аймағында ежелгі қола дәуірі өркениетінің үлкен ошағы болғанын дәлелдеп, әлем қауымдастығын елең еткізген жаңалығы тарихи телехикаяның басты оқиғасы.
Кинотуындыда қазақтың біртуар, тенор дауысты әншіcі Әміре Қашаубаевтың Париждегі сапары жайлы баяндалады. Онда Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Джордж Гершвинмен (Бен Олдридж) достығы көрініс табады.Сонымен қатар Әміренің өнеріне тәнті болып, дауысына ғашық болған Ли Эббот (Эбби Корниш) есімді әншімен арадағы ұмытылмас кезеңдерін суреттейді.
Кумарова Мейірім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі