Өлең, жыр, ақындар

Кіндік шеше

Кіндік шеше — әйел босанғанда көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін әйел.

Қазақтың салтындағы үлкен бір сыйлы ана, мол кәделі әйел «кіндік шеше» болып табылады. Туу үстінде баланың кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады.

Қазақтар екінің бірі, егіздің сыңарына баланың кіндігін кестіре бермейді, қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде беделі бар, мінезі жайраң қаққан, ақ еділ аналарға ғана кестіреді. Өйткені, бала кіндік кескен адамға тартады, кіндік апасы қандай болса, бала да дәл сондай болады деп ырымдайды. Кіндік жолын алған әйел балаға ит көйлек әкеп кигізеді. Бала қырқынан шыққанша қарап, тамақ жасап беріп көмектеседі. Әуелі үлкен азамат болғанда, азамат боп толғанда да кіндік апасын құрметтеп, кәдесін өтеп жүреді. Оған кіндік кескені үшін мал атап, қымбат бұйым сыйға тартылады. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы Кіндік шешеге тартады деген түсінік бар.

Қазіргі уақытта кіндік шешенің міндетін дәрігер-акушер атқарады.

Оқуға кеңес:

Бесік той салты

Бесікке салу


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз