Есік ашар

Басты бет / Салт-дәстүр / Есік ашар

Есік ашар — Салт-дәстүр бөліміндегі материал.

Материал — есік ашар, есік көру, үйге кірер, неке-отбасылық қатынас — осы тақырыптарға байланысты.

Есік ашар, есік көру, үйге кірер — әулетке жаңа мүше ретінде қосылып отырған күйеуге қатысты атқарылатын қазақтың дәстүрлі неке-отбасылық қатынасындағы жосын. Яғни күйеудің қайын жұртына алғаш баруына орай атқарылатын ғұрып.

Ғұрып барысы

Қалыңмалдың едәуір бөлігі берілген соң қыз жақтың күйеу балаға есік көруге, яғни келіп-кетіп тұруына рұқсат беріледі. Байырғы ортада қалыптасқан салт бойынша есік көруге шақырылғанша күйеудің күн жарықта келуі әдепсіздікке саналған. Сондықтан күйеу қас қарая, «күйеу келетін уақытта» келеді. Есік ашар жосыны атқарылған соң ғана күйеу жігітке қыз ауылына келіп тұруына рұқсат етіледі. Алайда, бұл күйеудің ата-енесінің үйіне кіруі дегенді білдірмейді. Кейбір өңірдің салты бойынша қалыңдық пен күйеу жігіт ерлі-зайыпты атанғаннан кейін (неке қиылған соң) күйеу қайынатасының үйіне барып жүздесіп, кәде-сый жасайды. Есік ашар кәдесіне бір жақсы ат немесе түйе тарту еткен.

Күйеу жігіт босағадан оң аяғымен кіріп, үш рет иіліп тағзым етіп сәлем береді. Сәлемдесіп болған соң күйеуге қалыңдықтың анасы сүт ұсынады. Сүтті ішіп болған соң енесіне арналған сыйын тарту етеді. Енесі күйеу жігітке алдын ала қыздырылып май құйылған ожауды ұсынады. Күйеу жігіт ожаудағы майды отқа құяды.

Ұзатылған қыздың тұңғыш баласын босанып немесе күйеуге шыққанына бір жыл толғаннан кейін төркіндеп келу салтын да жергілікті жерлерде "есік ашу" деп атайды. Арал, Қазалы өңірінде сақталған бұл салт құдалардың келісіміне қарай шешіледі. Есік ашар — жат жұрттық болған қыздың күйеуге шыққаннан кейін төркін жағына алғаш келіп, кәдесін жасап, туыстарымен араласудың бастапқы жолы. Тұрмыс жағдайы жақсы адамдар үш тоғызымен, сойыс малымен және т.б. жосын-жоралғыларымен қайтарады.

Оқуға кеңес береміз:

Қайындап бару

Ер азаматтың үш жұрты



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есік ашар деген не?

Бұл бетте Есік ашар тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Салт-дәстүр бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Есік ашар материалы Салт-дәстүр бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Салт-дәстүр бөліміндегі басқа материалдар есік ашар тақырыбындағы материалдар есік көру тақырыбындағы материалдар үйге кірер тақырыбындағы материалдар неке-отбасылық қатынас тақырыбындағы материалдар күйеу тақырыбындағы материалдар қайын жұрт тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар