Өлең, жыр, ақындар

Оразаның түрлері

Оразаның сегіз түрі бар.

1 - Парыз болған оараза. Қасиетті рамазан айындағы ораза.

2 - Муаййан (белгілі бір уақытта) болмаған парыз оразалар: Қаза және кәффарат оразалары осылай.

3 - Уәжіп оразалар: Бұлар белігілі уақыттарда болады. Белгілі бір күні немесе бірнеше күн ораза тұтуды атау (нәзір ету) секілді оразалар.

4 - Ғайримуаййан (белгілі уақытта болмаған) оразалар: Кез-келген бір күн немесе бірнеше күн ораза тұтуды атау секілді оразалар.

5 - Сүннет болған оразалар: Мұхаррам айының тоғызыншы және оныншы күндері ораза тұту секілді.

6 - Мүстаһаб болған оразалар: Әр араби айдың 13 -14 -15 күндері және құрбан айтының алдындағы арапа күні ораза тұту мүстаһаб болады.

7 - Харам болған оразалар: Рамазан айтының бірінші күні және құрбан айттың барлық күнінде ораза тұту харам болады.

8 - Мәкрух болған оразалар: Мұхаррам айының жалғыз оныншы күні, тек жұма немесе сенбі күні, наурыз немесе меһрижан күндері және бүкіл жылдың барлық күнінде ораза тұту және сөйлемеу шартымен ораза тұту мәкрух болады.

Назар аудар:

Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер

Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?

Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Нұрислам

✨ Осы «Оразаның түрлері» мақаласын оқып шықтым — онда ислам дініндегі ораза ұстаудың негізгі түрлері нақты әрі жүйелі түрде түсіндірілген. Мақалада парыз ораза (әсіресе Рамазан), уәжіп (атау немесе көрсетілген уақыттарда), нәпіл/сүннет (қосымша пен сауапты), сондай‑ақ мәкруһ және харам оразалар сияқты әр түрлі ораза түрлері айқын бөлініп көрсетілген. Бұл материал дінді тереңірек түсінгісі келетін және оразаның түрлері туралы нақты ақпарат іздейтін оқырманға өте пайдалы.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз