Өлең, жыр, ақындар

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының жанындағы Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі кеңес отырысы

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі Кеңес жұмысы

6 наурыз қалалық мәслихат депутаты Ақанова А.А. төрағалығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда Кеңес жұмысының басым бағыттары мен негізгі аспектілері талқыланып, қатысушылар жастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Кеңес құрамын жаңарту және Жол картасының пункттерін Кеңес мүшелеріне бекіту болды.

Сонымен қатар, Кеңестің ағымдағы жылға арналған жоспары талқыланып, бекітілді.

Отырыс барысында қатысушылар қаржылық сауаттылық саласындағы хабардарлық және жатақханалардың жетіспеушілігі сияқты жастардың проблемалық мәселелерін талқылады. Бұл маңызды мәселелерді шешу Кеңес мүшелерінің бірлескен күш-жігерін қажет етеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар