Қазақ мәдениеті бай және алуан түрлі, ежелгі дәуір дәстүрлері мен қазіргі үрдістерді біріктіреді. Әр аймақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзіндік ерекшеліктері мен салт-дәстүрлері бар. Қазақтың рухани мәдениеті қазақ халқының өмірінің әртүрлі салаларын, соның ішінде дінін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, рәміздерін, наным-сенімдерін қамтиды. Қазақтар мұсылман болғандықтан олардың күнделікті тұрмысында, әдет-ғұрпында ислам дінінің орны зор. Дегенмен, қазақтардың ислам дінінен бөлек табиғатқа, жануарлар әлеміне, ата-бабаларға байланысты өзіндік дәстүрлі наным-сенімдері де бар. Қазақтардың рухани мәдениетіне сондай-ақ үйлену тойы, жерлеу, діни мерекелер сияқты дәстүрлі әдет-ғұрыптар, сондай-ақ бала туу, көшіп-қону, үй салу сияқты өмірлік оқиғаларға байланысты әдет-ғұрыптар кіреді. Қазақ мәдениеті қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын рухани құндылықтарға өте бай. Қазақ мәдениетінің негізгі рухани құндылықтарын атап өтетін болсам, ең бірінші қонақжайлылық, қазақтар қашанда қонақты әрдайым жылы қарсы алып, әрбір қонақ бақыт пен береке әкеледі деп есептеген. Қонақ келген сайын ұлттық, ең сыйлы адамдарға арналған тамақ-бешбармақты дайындап беріп отырған, қымыз, шұбат секілді ұлттық сусындарды дәм тату үшін қонақтарға ұсынған. Одан соң үлкенге құрмет қазақ халқының ең маңызды құндылығы болған, қазақ мәдениетінде үлкенді сыйлауға, салт-дәстүрді сақтауға үлкен мән берілген. Үлкеннің сөзін бөлмеу, жолын ашу үшін олардан бата алу қазақтарда әдеби, негізгі құндылық болған. Және отбасы құндылықтары да маңызды орынға ие болған , қазақ мәдениетінде отбасы ерекше мәнге ие. Отбасы қоғамның негізі саналып, қазақтар отбасы құндылықтарына, ата-ананы құрметтеуге, балаға қамқорлық жасауға үлкен мән берді. Табиғатты аялауда қазақтарды рухани құндылықтарына жатқан-қазақтар дәстүр бойынша табиғатқа ерекше құрметпен қарайды. Олар қоршаған табиғатты қастерлеген, қорғаған, оны қасиетті және адамдармен тығыз байланысты деп санаған. Рухани ғұрыптар соның ішінде қазақ мәдениетінде үйлену тойы, жерлеу, ұлттық мерекелерді тойлау және басқа да рәсімдер сияқты қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде маңызды орын алатын, олардың ата-бабаларымен байланысын сақтауға көмектесетін түрлі рухани рәсімдер мен салт-дәстүрлер кеңінен таралған. Бұл рухани құндылықтар қазақ болмысының қалыптасуында маңызды рөл атқарады және қазақтардың өз мәдениеті мен салт-дәстүрін көптеген ұрпақтар бойына сақтауға көмектеседі. Қазақ мәдениетінің негізгі элементтерінің бірі – оның музыкалық мұрасы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі музыкасында осы халықтың рухы мен салт-дәстүрін көрсететін ерекше үні мен әуені бар. Домбыра (ішекті аспап), қобыз және сырнай (үрмелі аспап) сияқты аспаптар қазақ халқының музыка мәдениетінде маңызды орын алып, әлі күнге дейін халық әндері мен күйлерін орындау үшін қолданылады. Қазақ мәдениетінің тағы бір маңызды қыры – оның халық билері. Би – мерекелердің, тойлардың және басқа да ерекше шаралардың ажырамас бөлігі және қазақ халқының мұрасы мен салт-дәстүрін жеткізеді. Әрбір бидің осы халықтың тарихы мен мәдениетін көрсететін өзіндік стилі мен сюжеті бар. Сондай-ақ қазақтың дәстүрлі тағамдарын да ерекше атап өтуге болады. Қазақ тағамдарының байлығы мен алуан түрлілігі бұл халықтың тарихын және оның басқа халықтармен және мәдениеттермен байланысын көрсетеді. Еттен, сүттен, ұннан және көкөністен жасалған тағамдар қазақ асханасының негізі болып табылады, сонымен қатар тағамдарға ерекше дәм мен хош иіс беретін көптеген дәмдеуіштер бар. Сонымен қатар, қазақ мәдениеті кесте тігу, кілем тоқу, керамика, зергерлік бұйымдар сияқты халықтық қолөнерге бай. Бұл қолөнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, табыс табудың жолы ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдени мұрасын сақтаудың бір жолы. Қазақтың дәстүрлі киімдері де халықтың мәдениетінің байлығын көрсетеді. Әйелдер кесте және моншақтармен безендірілген ашық өрнекті, қазақи көйлек кисе, ерлер шапан пен биік қалпақ киген. Сырға, алқа, білезік сияқты дәстүрлі зергерлік бұйымдар да қазақтың тұлғасын бейнелеуде маңызды орын алады. Қазақ әдебиеті мен кескіндеме өнерінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ жазушылары мен ақындары осы халықтың рухын, тарихын, мәдениетін көрсететін шығармалар жасады. Қазақ суретшілері де ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты бейнелейтін жарқын да өзіндік стилімен ерекшеленді. Бұл рухани мәдениеттің элементтерінің бәрі қазақ халқының мәдениетінің қаншалықты бай екенін, және алуандылығын көрсетеді.
Қазақ мәдениеті – болашақ ұрпаққа ұқыпты сақталуы тиіс рухани құндылықтар мен дәстүрлердің қайнар көзі, асыл қазына болып табылады. Ол еліміздің байлығы мен алуан түрлілігін, оның тарихы мен рухани ұмтылыстарын көрсетеді, Қазақстанды әлемдегі ерекше және бірегей халықтардың біріне айналдырады. Сондықтан, еліміздің басты тірегі мәдениет екенін ескере отырып, рухани құндылықтарымызды әрқашан ұмытпай, ұстануымыз қажет.
Мақала авторы - Шарапқызы Дамира. «Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті», «Философия және Саясаттану факультеті», «Дінтану және Мәдениеттану кафедрасы», «6B03102 -Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы, 4 курс студенті
Жетекшісі- Кудерина Айжан Нурхамитовна
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі