28 қаңтар Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданған күн. Осы күні 1993 жылы Жоғарғы Кеңестегі 312 депутаттың 309-ы Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдау жөніндегі ұсынысты қолдапдауыс берді және экспрезидент Н.Назарбаевқа тұңғыш Конституцияның түпнұсқа мәтіні табыс етілді.
Екі жылдан кейін 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституция өмірге келгеннен бері 1993 жылғы қаңтардың 28-інде қабылданған ҚР Конституциясының мәтіні мемлекеттік мұражайда сақталып тұр.
Жалпы қазақ заңдары сонау «Қасым ханның қасқа жолы» деген атаумен Қасым хан дәуірінде құрылып қалыптасқан (билік құрған жылдар 1511-1523ж). Бұл жарғыбес баптан тұрды. Мұндай заң, елдің бірлігі мен тұтастығын сақтауға, ел ішінде бүліктің алдын алып, ұрлық пен кісі өлтірушілікті қатаң жазалап отырған.
Есім ханның тұсында «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа атқа ие болды (1598-1645 ж). Тәуке хан билік құрған жылдары (1680-1708 ж) қалмақтардың жортуыл шапқыншылығына байланысты тағы екі тарау қосылып «Жеті жарғы» деп аталды. Кейін 1885 жылы әртүрлі істерге байланысты талас тартыстың өршуіне қарай, Абай Құнанбайұлы 74 баптан тұратын «Қарамола жарғысы» атты заң жазады. Араға жылдар салып тарих сахынасына Алаштықтар шығады. Барлыбек Сыртанов Алаш мүшесі 1911 жылы 3 маусымнан бастау алатын 20 ғасырдағы алғашқы конституция, 28 баптан тұратын «Қазақ елінің уставын» жазды.
Кеңес өкіметі орнаған соң 1926 ж, 1937 ж, 1978 жылдары Кеңестік конституция қабылданды.
Тәуелсіз Қазақстанда Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.
Оқуға кеңес береміз:
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі