Атақты теңізші Христофор Колумб батысқа Атлант мұхиты арқылы жүзсе Үндістанға жетуге болады деген идеяны алға тартып Испания Корольдігінің көмегімен Батыс экспедициясын ұйымдастырды. Осылайша, еуропалықтар Америка құрлығына тап болады. 1492 жылы Колумб Жаңа әлемге жеткеннен кейін бірнеше жыл өтіп, бұл құрлықты еуропалықтар жаулап ала бастады.
Жергілікті халық жаңа территорияларды жаулап алу кезінде жойылғандықтан (үндіс тайпалары мен эскимостар), құнарлы жерлерді игеру үшін көптеген жұмысшы қажет еді. Бұл мәселені шешу үшін еуропалықтар Африка құрлығының тұрғындарын Америка құрлығына мәжбүрлі түрде құлдыққа ала бастады. Құлдар кемелердің астындағы арнайы камераларға қамалып тасымалданатындықтан, олардың жартысынан көбі межелі жерге жеткенге дейін өліп кететін. Құл саудасымен айналысқан басқыншылар өлген құлдарды теңізге лақтырып, сапарын ары қарай жалғай беретін. Тарихшылардың есептеуінше, 300 жыл ішінде Африкадан жаңа құрлыққа 10 миллионнан астам құл тірідей тасымалданған. Батыс жарты шарда тұратын афроамерикалықтардың көпшілігі осы құлдардың ұрпақтары.
ХІХ ғасырға қарай Америкада құлдыққа қарсы шыққан саналы адамдардың саны өсті. Әсіресе, аймақтағы ең қуатты елдердің бірі — АҚШ-та құлдыққа қарсы қозғалыс күшейді және бүкіл елде оны жоюға күш салынды. 1808 жылы АҚШ Конгресі Африкадан елге құлдарды әкелуге және сатуға тыйым салатын заң қабылдады.
Бірақ бұл заң елдегі құл саудасын тоқтата алмады. Құл сатумен айналысатындар Африкадан адамдарды Америка Құрама Штаттарына бәрібір контрабанда жолымен әкеп сата берді. Осыдан кейін үкімет құлдықты жоймай нәтижеге қол жетпейтінін түсініп, АҚШ-тағы құлдық пен құлдықты жою туралы заң жобасын дайындайды.
Әрине, елдің барлық азаматы құлдықтың жойылуын қаламады. Әсіресе Америка Құрама Штаттарының оңтүстігіндегі жер иелері. Өйткені, олар тегін жұмыс күшінен айырылып қалатынын түсінді. Сондықтан, құлдықты жою туралы хабарланған кезде оңтүстік штаттар оған қарсы көтеріліп 1861 жылы АҚШ Азаматтық соғысы басталды. 1865 жылы құлдыққа қарсы солтүстік оңтүстікті жеңді. Осылайша, елдің тұтастығын сақтай отырып АҚШ құлдыққа қарсы заң қабылдады.
1861 жылы Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайланған Авраам Линкольннің елдегі құлдық пен құлдықты жоюға қосқан үлесі зор. Ол АҚШ-тағы құлдықты тоқтату туралы 1862 жылғы актіге қол қойды. 1863 жылы Америка Құрама Штаттарында сол заң бойынша құлдарға еркіндік беру хабарландыруы жарияланды. Линкольн қол қойған қарарды 1865 жылы Азаматтық соғыс аяқталғанға дейін және оңтүстік штаттар жеңіліске ұшырағанға дейін жүзеге асыру мүмкін болмады.
1865 жылы АҚШ Конституциясына 13 түзету енгізу туралы декларация қабылданды. Бұл өзгерістерде құлдықты жою АҚШ Конституциясында бекітілген. 1865 жылы оны алғаш рет төрт штат ратификациялады. Заң соңғы рет Миссисипи штатында 2013 жылы жүзеге асырылды.
АҚШ-та құлдық заңды түрде жойылса да, елде нәсілшілдікті азайту мүмкін болмады. АҚШ-тың ақ нәсілділері кеше өздері босатқан қара нәсілді экс-құлдарға деген көзқарасын өзгертпейді, ал елде нәсілшілдік әлі де бар.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі