Ант су ішу — қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінде қалыптасқан, билер соты іс қарағанда пайдаланған рәсім. Билер сотына тартылған куәгер жауап берер алдында су ішіп, “өтірік”, “жалған” айтпауға ант берген. Ант су ішу арқылы жауап беру, негізінен әйелдерге, малайларға, “сенімнен шыққан” адамдарға міндетті деп таныған. Ел арасында ант су ішу рәсімі бір-біріне уәде бергенде, серт еткенде де жиі қолданылған. Берген сөзін, антын орындамаған жағдайда “Ант ұрсын”, “Ант атсын” деп қарғаған.
Оқуға кеңес береміз:
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі