(Саха ертегісі)
Ертеде адамдар жер-әлемді алты қат аспанның ең жоғарғы қабатын мекендейтін Юрунг Айынтойон жаратты деп есептейтін еді. Ол әлемді жаратып болған соң адамнан:
— Қысты ұзақ қылайын ба, әлде жазды ұзақ қылайын ба? — деп сұрайды.
— Әуелі оны менің достарым өгіз бен жылқыдан сұрайын, — дейді адам.
Әуелі олар жылқыдан сұрайды:
— Қалай болғанын қалайсың? Қыс жаздан ұзақ болсын ба, әлде жаз қыстан ұзақ болсын ба?
— Мен жаздың ұзақ болғанын қалаймын, өйткені қыста менің тұяғым тоңады, — деп жауап береді жылқы.
Өгізден:
— Сен не дейсің, қайсысының ұзақ, қайсысының қысқа болғаны жөн, — деп сұрайды олар.
— Қыстың ұзақ болғаны дұрыс, себебі жазда менің танауым суланып жүреді, — дейді өгіз.
Осылайша, өгіздің қалағанындай, қыс ұзағырақ, ал жаз қысқа болады. Өгіздің қалауын естіген жылқы тұлдана ашуланып, оның суланып тұрған тұмсығынан бір тебеді. Қатты тепкені соншалық, сойдақ тісін сындырып жібереді. Ал өгіз болса қарымтасын қайтарып жылқының бүйірінен сүзіп, өтін жарып жібереді. Сол кезден бастап жылқыда өт, ал мүйізді ірі қара малда сойдақ тіс жоқ дейді бұрынғылар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі