Өлең, жыр, ақындар

«Егемен Қазақстан» газеті

Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақталған білімі мен өмір тәжірибесі даналық деп аталса, оны танып білуде оқып үйренудің, әрине, маңызы өте зор. Өйткені даналық адамның өмірінде дұрыс шешім қабылдауына сепетігін тигізері ақиқат. «Қалар мұра – сөз кісіден кісіге, сөзді мұра тұтсаң пайда ісіңе»,- деген Жүсіп Баласағұнның және Абай атамыздың: «Естілердің сөзін ескеріп жүргени адам өзі де есті болады»,- деп айтқан ой түйіндері ізгілікті мақсат тұтқан адамның қай – қайсысына да үлкен ой салып, халықтық тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындауға жол бастайды деп ойлаймыз. Осындай бағыттағы халықтық тәрбиенің қайнар көздерінің бірден-бір бірегейі – халық өмірінің шарайнасына айналған еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан». Оның тарихы тереңде жатыр. Жұртшылық оны қазақ баспасөзінің 1913 жылдың екінші ақпанында дүниеге келген «Қазақ» газетінің мұрагері ретінде қабылдайды. «Қазақ» газеті десек, оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойға оралады. Ал А. Байтұсынұлы туралы сөз еткенде «Қазақ» газетін айтпай өте алмаймыз. Сондықтан да бұл екеуі егіз ұғым – егіз ретінде әспеттеліп қарастырылады. Ахмет Байтұрсынұлымен бірге «Қазақтың» арын арлаған Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханұлы сынды қайраткерлерінде пір тұтып санайды. Сол бір тарихи кезеңдерде ұлт өмірінің бірде – бір өзекті мәселесі, елеулі оқиғасы бұл басылымның  назарынан тыс қалған жоқ. Жаңа қалыптасып келе зиялы қауым «Қазақты» оқып, қайраттанды. Бүкіл қазақ жұрты осылай өмір сабақтарын танып білуге тырысты. Бұл жөнінде А.Байтұрсынұлы: «Амал ету керек емес пе? Сол амалға кіруге жұртқа мұрындық болатын нәрсенің бірі – газет»,- дей келіп, қазаққа үнқағаздың пайдасын осылай тереңнен бағдарлатып түсіндірген ғой. Халқы үшін аянбай қайрат қылған арыстың шапағатынан от алған «Ұшқыннан» бастап, «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ» деген атауларының бәрі -  бүгінгі «Егемен Қазақстанмен» сабақтасып, жалғасын тауып келеді. «Егемен Қазақстан» қазақ баспасөзінің кемеңгері А.Байтұрсынұлының: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дейтін мағыналы анықтамасына сай қызмет етіп келеді. Ол халқымыздың өткені мен бүгінгі өмірінің сан салалы қырынан мол мағлұмат беретін басылым. Әсіресе әрбір тарихи кезеңдердің сипаты, ондағы айтулы тұлғалар, одан беріректегі Ұлы Отан соғысындағы ерлік істер мен 1986 жылғы қанды желтоқсан оқиғасына байланысты елінің жері мен тәуелсіздігі үшін жанын пида еткен ел азаматтарының патриоттық сезімі, ұлттық намысы терең деңгейде көрсетіліп жазылған дүниелері кімді болмасын бей – жай қалдырмайды. Оқып отырып, халқымыздың ой – өрісінің тереңдігі мен кемелдігіне көз жеткізесің. Адамның рухын көтеретін мұндай мақалалар заман талабына сай ұдайы жарияланып келеді.

Газет, шынында, өміріміздің айнасы. Ел талабынан шығып, елімізде, әлемде болып жатқан жаңалықтарда дер кезінде жариялап тұрады. Ішкі және сыртқы саясат, үкіметте болып жатқан іс – шаралар, қабылданған жарлықтар мен заңдар туралы мәліметтерді жеткізіп отыратын «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі таңда мерейі үстем болып, көпшіліктің қолдауына ие болып отыр.

Жоғары білімі жоқ адамда тұратын бір қарапайым адам: «Мен үлкен академияны бітірдім. Мектеп бітіргелі бері «Егемен Қазақстанды» күнделікті үзбей оқып келемін. Қаншама қызықты тарихи, ғылыми мақалалар жарияланып келеді. Газетті қызыға оқудың арқасында менің білімім жақсарып, рухани дүнием байи түсті. Білімімнің көкжиегі биікке көтерілді. Бұл оқығандарым академиялық білімге тең емес пе?» - дейді. Міне, осы мысалдың өзі – ақ «Егемен Қазақстанның» қаншалықта салмақты екеніне көз жеткізеді. Олай болса, еліміздің бас гавзеті «Егемен Қазақстаннан» үйренерлік үрдіс мол. Халықтық тәрбиенің нағыз қайнар бұлағына айналып, біліммен сусындатып, ізгілікке жол бастауға көсбасшылық қызмет атқара берері жоқ.

Мәншүк ТАХАН, ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар