Әлеуметтану сөзін жиі естисіз бе? Оның қандай ғылым саласы екенін білесіз бе? Қазіргі таңда Қазақстанда жаңашыл бағыт ретінде дамып келе жатқан әлеуметтану саласы бар. Әлеуметтану – бұл адамдар арасындағы әлеуметтік мінез-құлық пен қарым-қатынасты зерттеуге және талдауға мүмкіндік беретін қызықты және маңызды мамандық. Әлеуметтанушылар жалпы қоғамға қалай әсер ететінін түсіну үшін мәдениет, дін, саясат, білім сияқты әртүрлі әлеуметтік құбылыстарды зерттейді. Әлеуметтану мамандығының басты артықшылықтарының бірі - зерттеу жүргізу, қоғам мәселелерін талқылау және маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесу. Әлеуметтанушылар мемлекеттік органдардың, коммерциялық ұйымдардың, маркетингтік зерттеулер және әлеуметтік жұмыс сияқты әлеуметтік қызметтердің жұмысында шешуші рөл атқарады. Әлеуметтанушылар сауалнамалар, сұхбаттар, бақылаулар және статистикалық ақпараттарды талдау сияқты деректерді жинау әдістерін қолдана отырып, үлкен әлеуметтанулық зерттеулер жүргізеді. Қазір әлеуметтанушыларға деген сұраныс күмәнсіз жоғары. Көптеген сауда фирмалары әлеуетті сатып алушылардың сұранысы мен қажеттіліктерін зерттеу үшін әлеуметтанушылардың қызметтеріне жүгінеді. Әлеуметтанушыларды саяси партиялардың үгіт-насихат штабынан да кездестіруге болады, мұнда осы кәсіп өкілдерінің міндеттеріне сайлау науқанының стратегиясын құру үшін сайлаушылардың пікірлерін зерделеу кіреді. Сонымен қатар, әлеуметтанушылар телеарналар мен баспа, БАҚ рейтингтерін құрумен айналысады. Жалпы айтқанда, әлеуметтанушы дегеніміз - белгілі бір мағынада адамдармен қарым-қатынас жасау үшін тек гуманитарлық білімге ғана емес, сонымен қатар психолог,аналитик дағдыларына да ие болуы керек. Алынған зерттеу нәтижелерін дұрыс өңдеу үшін оның математикалық қабілеттері де болуы керек. Олар сондай-ақ әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру және әлеуметтанулық тақырыптарды зерттеудің бірегей тәсілдерін әзірлеу үшін әлеуметтанулық теория мен тұжырымдамалық модельдерді пайдаланады.
Әлеуметтану қазіргі таңда жаңашыл бағытта біздің қоғамға енді еніп жатқанымен, ол өзінің іргетасын ХІХ ғасырда қалап бастаған. Әлеуметтанудың дамуына үлкен үлес қосқан О.Конт, К.Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер болды. Олар әлеуметтану арқылы қоғамның дамуы және қоғамның құрылысын анықтауға болатынын көрсетті. Ғалымдардың тұжырымдамалары мен теориялары әлеуметтану ғылымының негізін қалап, жеке сала ретінде дамуына айтарлықтай әсер етті. Сол себепті әлеуметтанудың классикалық ғалымдары ретінде жиі көрсетіліп, еңбектері қолданылады. Қазақстанда әлеуметтану мамандығының дамуына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті www.kaznu.kz ықпал еткен. 1987 жылы ҚазҰУ-да философиялық-экономикалық факультеті базасында әлеуметтану бөлімшесі ашылды. Ол біздің елде әлеуметтанудың қалыптасуында шешуші рөл атқарды. Қазіргі уақытқа дейін университет әлеуметтанушыларға тәлім беретін алдыңғы қатардағы жоғары оқу орны дәрежесін көрсетіп отыр. Біз үшін бұл жоғары оқу орнының түлектері болу үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік сезімдерін тудырады.
Мен 2019-2022 жылдар аралығында аталған университетте «6В03101-Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алдым. Қазігі таңда философия және саясаттану факультеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының «7М03102-Еңбек әлеуметтануы және HR басқару» білім беру бағдарламасында магистратурада білім алудамын.
Қорытындылай келе, біз әлеуметтануды өте маңызды және қоғамға қажет деп санаймыз, өйткені әлеуметтану күнделікті өмірде кездесетін мәселелер лабиринтінде әлеуметтік шындықты дұрыс бағдарлауға көмектеседі. Көптеген адамдар бұл проблемалар оларға қатысы жоқ деп ойлайды. Бірақ біз барлығымыз қоғамда өмір сүреміз, әрқайсымыз қоғамды құрайтын кішігірім бөлшектерміз, бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Қазіргі қоғамды талдау адамзаттың алдында тұрған проблемалардың саны жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді, демек әлеуметтану негіздерін білу барлығына қажет. Сонымен қатар, қарастырылып отырған ғылым адамға өзін тұлға ретінде табуға, оның қазіргі қоғамдағы орны мен рөлін түсінуге, оның құрылымын анық көрсетуге көмектеседі, бұл да өте маңызды, өйткені әлеуметтік құрылымдар адамдардың іс-әрекеттері мен қатынастарынан тұрады.
Егер сіз әлеуметтік құбылыстарды зерттеуге қызығушылық танытсаңыз және әлеуметтанушы мамандығын қарастырсаңыз, онда сіз бұл мамандықтан қызықты және жоғары өрлейтін мансаптық сатыны күте аласыз. Әлеуметтану мамандығы - бұл әлі де дамып келе жатқан, болашағы жарқын сала. Егер сіз қоғамдағы жаңа әлеуметтік тенденциялар мен өзгерістердің куәгері болғыңыз келсе, әлеуметтау саласын таңдауға кеңес береміз.
1 курс магистрант Елибаева Алма
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқу және тәрбие ісі бойынша меңгерушінің орынбасары Сарыбаева И.С.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі