Өлең, жыр, ақындар

Қара шаңырақ - ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – өз білімі мен дарынына сенетін жалынды жастармен ғылыми құрамды құрайтын білікті әрі кәсіби оқытушылардың ордасы, әрбір түлектің арманына айналған, 90 жылдан астам бай тарихы бар, сапалы білімнің қара шаңырағы. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші, әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік орынды иемдене білген, Қазақстандағы номері бірінші университет, сонымен қатар білім мен ғылымның ұлттық көшбасшысы. Сондай-ақ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS РЕЙТИНГІНДЕ 150-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.

Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS World University Rankings (QS World University Rankings EECA 2020) рейтингінде ҚазҰУ 16-орынды иеленді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмысқа орналастыру рейтингінде (QS Graduate Employability Rankings) 550 ЖОО-ның ішінен 201-251-орынды алған Орталық Азиядағы алғашқы ЖОО болды.

Британдық "Times Higher Education" агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша ҚазҰУ 1001-1200 позициясын сақтап қалды, Asia University Rankings рейтингінде 401-500 - орын, THE Emerging Economies rankings-351-400-орын, the Impact Rankings рейтингінде-801-1000 орынды иеленді.

Ең экологиялық университеттердің "UI Green Metric Ranking of World Universities" жаһандық рейтингінде университет 212-ші орынға ие болды.

Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны.

ҚазҰУ-нің елімізде алатын орны мен мәртебесі ерекше. 90 жылдан астам уақытта республикалық, халықаралық деңгейде өз имиджін қалыптастырып, еліміздің мәртебесін асқақтатып жүрген, студенттердің сапалы білімін қамтамасыз етумен қатар олардың бос уақыттарын ұйымдастыруды да бірге ұштастыра білген, қоластына жиылған жиырма мыңға жуық ізденушінің талабын өрлете білген қара шаңырақта жағдайдың барлығы да жасалған. Атап өтетін болсақ, интернет орталығы, мұражай, тамақтандыру комбинаты, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет», компьютерлі-техникалық жабдықтар, WI-FI сымсыз интернет желісі, ауқымы кең спорттық кешен, Дмитрий Баландин атындағы 25 метрлік жүзу бассейні сияқты орталықтар орналасқан. Онымен қоса, қойнауында 2 миллионнан астам кітап қоры бар қаламыздағы  ең бай кітапхана — Әл-Фараби атындағы кітапхана орналасқан. Бұл зәулім сарайда әр студент өзінің керегіне еш қиындықсыз  қол жеткізе алады. Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие болған бұл  кітапханада Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын мұражайы, ұлы ғұламаның ғылыми-ағартушылық мұрасын зерттеумен айналысатын әл-Фараби Орталығы орналасқан.

Әрине мұны ғажайып әлем, студенттер қалашығы  десе де болар, ең бастысы талай бала кыранның қанатын ұштап, қияға самғатқан Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, тарихы терінде жатқан ҚазҰУ-ды бір сәтке көз алдына елестететін жеке мұражайы университет мәртебесін одан әрмен асқақтатып тұрғаны сөзсіз.

Менің университетім – менің мақтанышым. «Мәңгілік шәкіртің боп қалуға  ұялмаймын» -, деп Мұқағали Мақатаев айтқандай,  осында шәкірт болу мен үшін құрмет! ҚазҰУ-ым жарқырап жайнай бер!

"Әлеуметтік жұмыс" мамандығының 2 курс магистранты Молжанова Альбина Сериковна

Жетекші: Сарыбаева Индира Сарыбаевна, әлеуметтік ғылымдар кандидаты, аға оқытушы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз