Кез-келген ғылымның негізгі мақсаты табиғаттағы құбылыстардың, заңдылықтардың мәнін түсініуге жұмыс жасау екені белгілі. Адамзат ғылымды – әлеуметтік прогресстің қуатты қозғалтқышы деп санап, ғылымға айрықша көзқараспен қарайды. Адамзат дамуында ғылыми ашылулар маңызды рөл атқарып, әлемді жаңартып, алдыға жылжытып отырды. XIX ғасырда француз философы Огюст Конт қоғамдық ғылымдардан әлеуметтану ғылымын бөліп, жаратылыстану ғылымдарының әдістеріне ұқсас әдістерді қолдана отырып қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді ұсынды және әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін өзіндік әдістемесі бар жаңа ғылымды қалыптастырды.
Бұл ғылым саласының қоғамдағы шиеленіс көздерін анықтауда, жанжалдардың алдын алуда және әлеуметтік-мәдени өзгерістерді бақылауда өз артықшылықтары бар. Әлеуметтанулық сараптамалар әлеуметтік құрылымдарға, нормаларға және теңсіздіктерге түсінік беріп, неғұрлым тиімді басқару жүйелерін құруға үлес қосады. Көптеген батыс елдерінде әлеуметтанушылар өз еліндегі инклюзивті - әлеуметтік саясатты қалыптастыруда, қоғамдық пікірді бағалауда, тұрақты әлеуметтік және экономикалық жүйелерді қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Сонымен қатар, әлеуметтану ғылымы әлеуметтік мәселелерді түсіну және шешу үшін құнды аналитикалық сараптамаларды ұсына отырып, мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқара алады. Әлеуметтану біздің елде қоғамның динамикасын түсінуге, өзекті мәселелерді анықтауға және тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруға көмектесетін ғылым саласы болып қалыптасып келеді. Осы жолда Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы бұл ғылым саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан аз білім беру ордаларының көшбасшысы деп айта аламыз. Қазақстанда әлеуметтану ғылымы мамандық ретінде 1988 жылы өз бастауын алып, осы жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлеуметтану кафедрасының іргетасы қаланды. Қазіргі таңда әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Абдирайымова Гульмира Сериковна басшылық ететін кафедрамыз соңғы жылдары әлеуметтік зерттеулер бойынша айрықша нәтижелер көрсетіп, жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар даярлап, еліміздегі қоғамдық ғылымдарды дамытудағы қажырлы еңбек үлгісін көрсетуде. Кафедрамызда жас мамандарды даярлауға үлес қосып жүрген Г.C Абдирайымова, Ш.Е Джаманбалаева, М.С Садырова, Г.А Кенжакимова, Н.У Шеденова, Б.Н Кылышбаева, А.С Мустафина, З.К Шаукенова, Д.К Бурханова, А.Б Сарсенова, С.С Серікжанова, А.Т Омарова, И.С Сарыбаева, А.Б Шабденова, М.К Шнарбекова және т.б білікті ұстаздарымыз жұмыс істеуде. Ұстаздарымыздың еңбегінің арқасында әлеуметтік зерттеулер елімізде көптеп жүргізіліп, мемлекеттік саясатты жүргізугеде жәрдем бере бастады. 2021 жылы президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев өз жолдауында тәуелсіз әлеуметтік зерттеулердің маңызы зор екенін айтып өткен болатын. Президентіміз өз сөзінде: «Бұл тәсіл арқылы билік органдары жұмысының сапасына тұрғындардың көзқарасы туралы шынайы мәлімет алуға болады. Формальды есептерден гөрі сауалнамадан халықтың көңіл-күйі анық аңғарылады», - дей келе әлеуметтік зерттеулер мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалаудың маңызды тетігі болуы керектігін аңғартқан болатын.
Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жас Қазақстанның дамыған әлеуметтік мемлекеттер қатарында болуы үшін әлеуметтану ғылымы мен біздің кафедра өз үлесін қоса береді деген сенімдеміз.
Онғарбаева Қамар, Пернебай Оразбек
Әлеуметтану мамандығы 2 - курс магистранттары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі