Өлең, жыр, ақындар

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану

«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ-де ДОІЖО Абеуова Гульназира Танаткановнаның ұйымдастыруымен «Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум болып өтті.

Семинардың мақсаты: Жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде оқытудың белсенді түрлерін көрсету барысында тәжірибемен бөлісу, функционалдық сауаттылық бойынша түсінік пен дағдылар қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Қазіргі заманауи инновациялық технологияларды түсінеді, қолданады, «Z»ұрпағының талабына сай функционалдық сауаттылықтарын арттыру жұмыстарын жүргізеді, ЖМБ пәндері бойынша инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданады.

Ұжымның ынтымақтастығының жоғары екендігі семинардың ұйымдастыруынан байқалады. Бірінші кезекте семинарға келген қонақтарға  шығармашылық көрме жұмыстары көрсетілсе,

АКТ залында  концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мектептің 2023-2024 оқу жылының жеңімпаз оқушыларынан құралған «Жұлдыздар шеруі» қызыл  кілем үстінде жүргізіліп өтілді.

Мектебіміздің бірнеше ұстаздары және серіктес мектеп ұстаздары өздерінің тренинг, коучинг сабақтарын өте жоғары деңгейде алып шықты.
Семинар-практикумда сабақ берген ұстаздардың сабақтарына енген мұғалімдер өз пікірлерін білдіріп, сабақта әдіс-тәсілдерін пайдаланатындарын айтып, ұстаздарды  аудандық марапаттарға ұсынды.

Биылғы оқу жылындағы аудандық семинардың ерекшелігі семинарға келген ұстаздар кюар кодпен тіркеліп, сол жерден бағдарламамен танысып, сабақтарға гугл формадағы диск сілтемелері арқылы кері байланыс жасалды. Өтілген сабақтардан білім қоржындарына алғанын айтып, өздерінің жылы пікірлерін айтып өтті. Сондай- ақ, семинар барысында магистрлер мектебінің жұмысы, тәлімгерлер мен жас мамандар жұмысы, жетекші мектеп пен серіктес мектеп арасындағы әдістемелік жұмыстар айқын көрсетілді.

Түркістан облысы "ӨРЛЕУ"БАҰО бас маманы Матекова Бахтыгуль Темирхановна және Жетісай ауданы білім бөлімінің математика  пәні әдіскері  Алимбетова Айгүл Тасовна семинарда сабақ өткен ұстаздарға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, Жетісай ауданы білім бөлімінің Алғыс хатына ұсынды.

Аудандық семинар жоғары деңгейде жоспарға сәйкес өткізілді. Барша ұстаздарымыздың еңбектеріне шығармашылық табыстар тілейміз, осындай көлемді іс- шараға қолдау білдірген әріптестерімізге Алғысымыз шексіз!

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті "Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ" КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абеуова Гулназира Танаткановна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз