Әмір Темірдің ұлы Шахрух ілімге және ғалымдарға қатты құрмет көрсететін. Өзі жұмсақ мінезді, діндар адам еді. Ғалымдармен бірге отырып сұхбаттарын тыңдаудан зауқ алатын. Бұл ғалымдардың бірі хазреті Ниметуллаһ екі сөздің бірінде үнемі «Аллаһ харамнан сақтанған адамды қорғайды» деп айта беретін әдеті бар еді. Шахрух бұл әрқашанда мүмкін бола бермейтінін, кейде адам өзі білмей харамға жол беріп қоюы мүмкін екенін айтатын.
Бір күні Шахрух хазреті Ниметуллаһты қонаққа шақырады. Бас тағам ретінде қозы еті ұсынылады. Барлығы секілді Ниметуллаһ та жақсы тәбетпен ішіп жейді. Жей отырып «Аллаһ харамнан сақтанғанды қорғайды» деп қайталап отырады. Шахрух және адамдары мұрттарының астымен мысқылдап күліп отырады. Тамақтанып біткенде Шахрух Ниметуллаһқа қарап:
— Аллаһ харамнан сақтанған адамды қашанда, қандай жағдайда да қорғайды ма ұстаз? — дейді.
— Иә қорғайды, харамнан қашатын адамға Аллаһ харам нәсіп етпейді.
— Бірақ ұстаз қараңыз сізді қорғамады. Сіз де бізбен бірге харам еттен жедіңіз.
— Жоқ мен харам жемедім, сендер харам жедіңдер.
— Бұл қалайша ұстаз? Дастарханнан жеген қозыны менің адамдарым ұрлап әкелген еді. Бұл харам ет еді, бәріміз де харам жедік.
— Олай да болса сендерге харам, бірақ маған халал еді.
— Ұстаз ұрланған қозы сізге халал бізге харам бола ма?
— Егер маған сенбесеңдер қозының иесін тауып сұраңдар.
Шахрух және адамдары қозының иесін табады, кәрі кемпір еді. Оған қозыны ұрлап жегендерін және ақшасын төлемекші екендігін айтады. Кемпір ақшаны алудан бастартып былай дейді:
— Мен ол қозыны ақша үшін өсіргенім жоқ еді. Осы аймақта Ниметуллаһ деген мүбәрәк кісі бар екен, соған сыйға беру үшін өсірген едім. Оған халал, басқаларға харам болсын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі