Өлең, жыр, ақындар

Ресей мен Украина арасындағы соғыс

1917 жылы 4 желтоқсанда Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының (РКФСР) Халық Комиссарлар Кеңесі Украина Республикасын мойындағанын жариялады. Ал 1918 жылы Украинада Гетман Скоропадскийдің басқаруымен РКФСР елшілігі пайда болды. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1922 жылы КСРО құрылғанға дейін жалғасты. 1992 жылы 14 ақпанда КСРО ыдырағаннан кейін де тағы Ресей Федерациясы мен Украина арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Тығыз байланыста болған «бауырлас» екі ел арасынан бүгінде қара мысық кесіп өтті. Оған не себеп?

Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығыстың тарихы тереңде. Қазіргі соғыс – соңғы 30 жылдағы саясаттың кесірі. Оны шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.

1990-2003 жыл: Украинаның Ресейден кетуі.

1990 жылдың бірінші жартысында Ресей мен Украина арасындағы Қара теңіз флоты меншігіне және инфрақұрылымына қатысты мәселе үлкен дауға айналды. Мәскеу Киевтің құзырында болған Қырымдағы базаларынан айырылғысы келмеді. Ал Украина Қара теңіз флотының барлық инфрақұрылымы мен мүлкін қайта тағайындауға әрекет етті. 1992 жылы 5 сәуірде Украина президенті Леонид Кравчук КСРО-ның Қара теңіз флотын Украинаның меншігі деп жариялады. Ал 7 сәуір күні Ресей президенті Борис Ельцин де осындай қадамға баруға мәжбүр болды.

1991 жылы желтоқсан айында Украина Ресей және Беларусь елдерімен бірге КСРО-ны тарқатқан Белобеж келісіміне қол қояды. Ал Мәскеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) және арзан газдың көмегімен ықпалын сақтап қалуға ұмтылды. Украина Батысқа жақындай бастады.

Әрине, бұл Кремльге ұнай қойған жоқ. Алайда Украинада КСРО-дан мұра еткен әлемдегі үшінші ірі ядролық арсеналы мен миллионға жуық әскері бар еді. Ал «Будапешт меморрандумы» кезінде Киев зымырандарын қауіпсіздік кепілдігі және экономикалық көмек үшін Ресейге берді.

1992 жылдың жазында Ельцин мен Кравчук Қара теңіз флотын ТМД-ның стратегиялық күштерінен шығару туралы келісімге қол қойды. 1993 жылы қыркүйек айында президенттер Қара теңіз флотын тең бөлу және инфрақұрылымды бөлісу туралы алдын ала келісімге келді. Алайда Кравчук Отанына опасыздық жасады деп айыпталып, оппозицияның қысымымен бөлудің паритеттік принципінен бас тартты.

2003-2013: Посткеңестік достық

Мәскеу мен Киев арасындағы алғашқы ірі дипломатиялық дағдарыс Путиннің кезінде басталды. 2003 жылдың күзінде Ресей кенеттен Керчь бұғазында Украинаның Тузла аралына қарай бөгет салуды бастады. Киев мұны шекараны қайта бөлу әрекеті ретінде қабылдады. Қақтығыс президенттердің жеке кездесуінен кейін шешілді. Нәтижесінде, құрылыс тоқтатылды. Бірақ екі ел арасындағы достыққа тағы да сызат түсті.

2008 жылы Бухарестте өткен НАТО саммитінде АҚШ президенті Джордж Буш Украина мен Грузияға Мүшелік әрекет жоспарын (МАП) алуға тырысты. Путин үзілді-кесілді қарсылық танытып, Мәскеу Украинаның тәуелсіздігін толық мойындамайтынын ашық айтты.

2013 жылдың жазында Ресей Украинаға жаппай экономикалық қысым көрсетіп, Украинаның шекарадағы экспортын тоқтатты.

2013 жылдың 23 ақпанында Жоғарғы Рада Янукович тұсында қабылданған Украинада орыс тілін аймақтық тіл ретінде қолдануға кепілдік беретін заңның күшін жойды.

2014-2021: Қырымды аннексиялау және Донбасстағы соғыс

2014 жылдың 15 сәуірінде ресми түрде Киев Украинаның шығысында әскери операция басталғанын хабарлады. Донбасста полиция бөлімшелері мен Украина армиясының бөлімшелері арасында алғашқы қарулы қақтығыс басталды. Соңғылары Харьковтағы жағдайды өз бақылауына алып үлгерді.

2014 жылдың жазы Украинаның оңтүстік-шығысындағы ауыр шайқастармен есте қалды. Украина президенті Петр Порошенко қызметіне кіріскеннен кейін полиция позицияларына ауқымды қарсы шабуыл басталды. Славянск, Краматорск, Мариуполь, Северодонецк сияқты ірі қалалар украин әскерінің бақылауына алынды.

Антитеррорлық операцияның украиндық күштерінің шабуылы Иловайск маңында жеңіліске ұшырады. Қоршаудан шығу кезінде 366 жауынгер қаза тауып, 150-ден астам адам хабарсыз кетті.

Қақтығыстың жаңа кезеңі 2022 жыл: Ресейдің Украинаға қарсы соғысы

2021 жылдың көктемінде Украинаның оңтүстік-шығысында белсенді соғыс қимылдары қайта басталды. Украина қарулы күштері бейтарап аймақтың бір бөлігін бақылауға алу әрекетін жасады. Ресей шекарадағы әскер санын көбейте бастады. Сәуірдің аяғында жағдай қалыпты жағдайға оралғанымен, күзде қайта басталды.

2021 жылдың желтоқсан айының ортасында Ресей Америка Құрама Штаттарына және НАТО-ның басқа елдеріне бірқатар талаптар қойды. Атап айтсақ:

НАТО шығысқа қарай одан әрі кеңеюден бас тарту; Америка күштері мен қару-жарақтарын Шығыс Еуропадан шығару; Соққы қаруын орналастырудан бас тарту.

Ал, 2022 жылдың 24 ақпанға қараған түні Владимир Путин Донбассқа ресейлік әскерилер енгізілгенін және әскери арнайы операция басталғанын ресми түрде хабарлады.

Оның мақсатын елді «демилитаризациялау» деп атады. Ресей Федерациясының қарулы күштері Донбасста ғана емес, Украинаның қалаларына және оның әскери инфрақұрылымына соққы берді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер