Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары

Басты бет / Денсаулық / Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары

Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары — Денсаулық бөліміндегі материал.

Материал — Сүт безі, қатерлі ісік, алдын алу жолдары, ерте анықтау — осы тақырыптарға байланысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің онкологтарға берген маңызды екі тапсырмасы бар: қатерлі ісіктің алдын алу және ерте анықтау.

Алдын алудың басты амалы — салауатты өмір салтын ұстану, ішімдік пен темекіден бас тарту, диета ұстау, спортпен шұғылдану. Бұған қоса тәтті мен ұн өнімдерін азырақ жеген жөн. Сүт безі қатерлі ісігі гормонға тәуелді болғандықтан, эстрогеннің (жыныс гормоны) көбеюіне тікелей әсер етеді.

Сонымен қатар ісіктің алдын алу үшін әйелдің ерте тұрмыс құрып, көпбалалы болғаны маңызды. Әйел босанған сайын организмі эстрогеннен демалады. Өйткені жүктілік кезінде эстроген деңгейі төмендейді. Ал ДДСҰ баланы кемі 1-2 жасқа дейін емізу керек дейді. Бұл бала үшін де, ана үшін де өте маңызды. Омыраудан сүт шыққан сайын сүт безі түтіктері жаңарып отырады. Осылайша сүт безі қатерлі ісігінің де алдын алуға болады.

Сүт безі — өте эмоционал орган. Әйел адамның көңіл-күйі түссе де, жеген тамағы ұнамаса да, ұйқысы дұрыс болмаса да ауырады. Бірақ ең басты себеп — стресс. Сондықтан күйзелістен аулақ болған жөн.

Тағы бір маңызды себеп — сүт безіне зақым келуі. Автобуста, қоғамдық орында, тұрмыста кеуде тұсын ұрып алу да ісікке ұласып кетуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда ауыртпалықты сезсеңіз, көп созбай маманға барыңыз. Бәрінен бұрын денсаулықты күтіп, абай болуға тырысыңыз.

Сүт безі қатерлі ісігі емделеді. Бастысы, оны дер кезінде анықтап, ем тағайындау керек. Ішкі түйсігі мықты, жауапкершілігі бар әйелдер “осы бірдеңе дұрыс емес-ау” деп бірден өзі бірінші кезеңде келіп жатады. Бұл, әрине, жоғарыда айтылған кеңестерді тыңдап кеудесін үнемі бақылап отыратындар. Болмаса, скрининг арқылы ісікті аурудың бірінші кезеңінде-ақ анықтауымыз мүмкін. Осындай әйелдер санын жалпы қыз-келіншектердің 80-90%-на жеткізуіміз керек. Сонда елде сүт безі қатерлі ісігінен өлім болмайды. Бізде, өкінішке қарай, әлі тегін скринингке шақырудың өзі қиын болып тұр. Ел әлі өзін, “Құдай сақтасынмен” емдеп жүр.

Әйелдер көп нәрсені білмейді. Денсаулығында ақау барын сезген күннің өзінде балгер аралап, ісіктің үшінші кезеңіне өтіп кеткенде дәрігерлерге келіп жатады. Мұндай жағдайда да дәрігерлер көмектесе алады. Тек ауырып, ем іздеп әлек болғаннан, организмді химиямен улағаннан гөрі ісікті алдын ала анықтап, зиянсыз ем тағайындаған дұрыс.

Қаралуды бастайтын жас

20 жастан асқан қыз-келіншектер міндетті түрде жылына бір ретмаммологқа қаралып тұруы керек. Еліміздің кез келген емханасында маммологтар тегін қабылдайды. Шағымыңыз болмаса да, жылына бір рет бір күн арнап, сүт безін ультрадыбыстық зерттеуден өткізу керек. Ал 40 жастан асқан әйелдерге міндетті түрде екі жылда бір рет маммографиялық скрининг жасалады. Скрининг — сау халықты тексергеннен кейін симптомыз ісікті анықтау үшін енгізілген шара. Қазақстанда 2008 жылдан бастап 40-70 жас аралығындағы әйелдерге 2 жыл сайын емхана рентгенологы мен онкология мамандары тексерісінен өту міндеттелді. Күдік тудыратын жағдайлар болса, жоғары институт мамандарына жолдама беріледі. Кейін арнайы ем тағайындалады.

Оқуға кеңес береміз:

Сүт безінің обыры

Мастопатия



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары деген не?

Бұл бетте Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Денсаулық бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары материалы Денсаулық бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Денсаулық бөліміндегі басқа материалдар Сүт безі тақырыбындағы материалдар қатерлі ісік тақырыбындағы материалдар алдын алу жолдары тақырыбындағы материалдар ерте анықтау тақырыбындағы материалдар салауатты өмір салты тақырыбындағы материалдар эстроген тақырыбындағы материалдар Cagida жариялаған басқа материалдар