Қатерлі ісік аурулары ішінде әйелдерде кездесетін сүт безі обыры соңғы кездері жиілеп кетті. Сүт безі мен жыныс ағзалары жүйке жүйесі мен қандағы гормондар арқылы байланысады және өмір бойы өзгеріске ұшырап тұрады. Мысалы, етеккір алдында сүт безінің көлемі ұлғайса, етеккірден кейін кішірейеді. Мұндай өзгерістер ай сайын қайталанады. Сүт безі әйелдердің жүкті кезінде де ұлғаяды. Бұл ауру көбіне жасанды түсіктің көбеюі және жас нәрестені жасына келгенше емізбеу салдарынан туындайды. Мұның бәрі әйелдердің жыныс ағзаларының ауруына, гормондар тепе-тендігінің бұзылуына, әсіресе ұрық арқылы шығатын эстроген гормонының көбеюіне және емшекте әртүрлі ісіктердің пайда болуына алып келеді. Аталмыш гормонның мол мөлшерде ұзақ уақыт бойы қанмен араласып жүруі ісік алдында болатын аурулардың асқынуына ықпал етеді де, ол сүт безінің қатерлі ісігіне ұласады. Мұндай ісіктің пайда болуына жатырдың ушығып қабынуы, сондай-ақ қалқанша без бен бауыр аурулары да ықпал етеді. Ал бауырдың организмдегі барлық артық гормондарды өңдеп зиянсыздандырып тұратын ағза екені белгілі.
Сүт безінің қатерлі ісігі сау сүт безіне шыға қоймайды. Оның туындау алдында фиброаденома және мастопатия дерттері пайда болады. Мұндай жағдай байқалу бойына кешіктірмей дәрігер онкологқа көріну қажет.
Сүт безінің қатерлі ісігін алғашқы сатысында қатерсіз ісіктен айыру қиынға соғады. Ол үшін науқасты маммографиялық және морфологиялық тексеруден өткізу керек.
Сүт безінің қатерлі және қатерсіз ісіктерінің алдын алу жолдарының бірі организмдегі тепе-теңдіктің бұзылуына себепші болатын факторларды жою болып табылады. Әр әйел өз организміндегі етеккірдің келуі, жыныстық қатынас, босану және бала емізуге қатысты өзгерістерге дер кезінде мән беріп, өзгеріс байқалған жағдайда білікті маман дәрігерлердің ақыл-кеңесіне жүгінуі тиіс. Ай сайын өзін-өзі тексеріп тұратын әйел сүт безінің қатерлі ісігін 90 пайыз жағдайда өзі-ақ алдын ала анықтай алады.
Соңғы жылдарда туу жасындағы әйелдер арасындағы ауруларды ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексеру шаралары жүргізіліп келеді. Мұндай шараларды емханада мамандандырылған дәрігерлер жүргізеді.
Жалпы сүт безінің қатерлі ісігі білінбей басталып, ауырмай өседі және басқа ағзаларға тарайды. Ем неғұрлым ерте басталса, соғұрлым тиімді болады. Сонымен бірге әйелдердің баланы жиі туып, оларды 3 жасқа дейін емізіп, асырауының өзі бұл дертті болдырмаудың бірден-бір жолы екендігін ұмытпаған жөн.
Е.Х. Абдуллаев, онколог-дәрігер
Оқуға кеңес береміз:
Қатерлі ісік қауіпін азайту үшін
Қатерлі ісікті арттыратын азықтар
Қатерлі ісіктің алдын алушы — жүзім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі