Өлең, жыр, ақындар

Қатерлі ісікті арттыратын азықтар

Соңғы жылдарда қарқынды көбейіп жатқан қатерлі ісік пен жұқпалы аурулардың себебі жүгері шырынынан екендігі болжануда. Жүгері шырындарының жүз пайызы ГМА (Генетикалық модификацияланған ағза)дан алынады. Негізінде қантты кекс сияқты тәттілерді жегенде немесе кола сияқты газды сусындарды ішкенде қатерлі ісікті және осыған ұқсас көптеген ауруларды шақырған боламыз.

Жүгеріден алынатын фруктоза шырыны көп қолданылатын азықтар қатарын кетчуп, бисквит, кола, бүкіл газды сусындар, жеміс шырыны, жеміс йогурды, дайын сорпалар, вафли, пудинг, халуа, торт, тосап, желе және балмұздақтар бастап, сонымен қатар бұдан өзге 900 түрлі өнімдерде қолданылатыны анықталды.

Жүгері шырынын қолдануға Еуропада тыйым салынды. АҚШ-та қолдану мөлшері 2 пайыздан 1 пайызға түсірілді.

АҚШ-та тышқандарға жасалған зерттеуде жүгері шырынының ұйқы безі қатерлі ісігіне себеп болғандығы анық байқалды. Сондай-ақ жоғары деңгейде холестерин және жүрек үлкеюіне, бауыр майлануына, цирроз, қанның құрамындағы триглицерид деп аталатын майлардың көбеюіне, қант диабеті ауруына және семіздікке себеп болатыны анықталды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Айжан

Цирроз болып жазылады

Рахмет.

Сара

Дұрыс тамаұтану өте маңызды

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз