Өлең, жыр, ақындар

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алудағы медицина қызметкерінің рөлі

Студент: Ирсаитова Жанар Сериковна
Ғылыми жетекші: Саим Л.Н.
Облыстық жастар денсаулығы орталығы
Қызылорда медициналық жоғары колледжі

Кілт сөздер: Ерте жүктілік, аборт, репродуктивті денсаулық, шетелдік зерттеулер, қатерлі ісік, жастар мен жасөспірімдер, жасөспірімдер жүктілігі

                                              

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандықтардың өсіп келе жатқан ұрпағының денсаулығын сақтау Мемлекет басшысы мен Үкіметтің үнемі бақылауында болатын мемлекеттің басым стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады БҰҰ-ның мәліметінше, әлемдегі дамушы елдерде жылына 7,3 млн кәмелетке толмаған қыздар бала тауып жатады , оның 2 миллионы – 15 жасқа толмаған қыз балаларды құрап отыр. Бұл күніне 20 мың жасөспірім қыз дүниеге бала әкеледі дегенді білдіреді. Осының салдарынан жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің өсуі, жасөспірімдер арасындағы некелер мен жасөспірім аналар, ерте жаста түсік жасау, кәмелетке толмаған аналардың жаңа туған нәрестелерінен бас тартуы сынды жағдайлар санының артуы, жаңа туған нәрестелер мен аналар арасындағы өлімінің жоғары болуы, кәмелетке толмаған қыздардың дамуында патологиясы бар нәрестелерді дүниеге әкелуі, бедедеулік, қатерлі ісік аурулары, әр түрлі жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар, қыздар арасындағы суицидтердің көбеюі - осының бәрі еліміздегі демографиялық жағдайға кері әсерін тигізеді. Бұл мәселе ХХІ ғасырдағы әлемнің көптеген елдерінің денсаулық сақтау жүйесінің ең өзекті проблемасы болып қала береді.

           

Қазақстанда 2019 жылы 15-17 жас аралығындағы 1651 жүкті қыз тіркелді.Қазақстанда балалар Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп туады. Жүкті болғаннан кейін көптеген қыздар мектепті тастайды, бұл оларды кейінгі білім алу мүмкіндігінен айырады, әрі қарай өз денсаулығын ғана емес, сонымен бірге балаларды да қамтамасыз етеді. Жыл сайын жүктілік және босану кезіндегі асқынулардан 70 мың жасөспірім қыз қайтыс болады. Жасөспірім анадан туған баланың өмірінің бірінші айында өлу мүмкіндігі ересек ананың баласына қарағанда 50% - ға жоғары" ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын жасөспірімдер жүктілігінің, көшелерде тастап кеткен сәбилердің мыңдаған жағдайлары, балалар мен әйелдерге қарсы бағытталған сексуалдық және физикалық зорлық-зомбылық фактілері тіркеледі. Мұндай жағдайда жастар мен жасөспірімдерге өздерін физикалық және эмоционалды түрде қорғай білу маңызды. Оларға қауіпсіз жыныстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, ақпараттандырылған шешімдер қабылдау және ескірген стереотиптерді жеңу үшін жыныстық және гендерлік білім қажет

Кызылорда облысы бойынша 2017-2018 ж жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің тіркелген  жылдық салыстырмалы есебі бойынша  есепке алынғаны 2017 ж-146, 2018 ж-130, оның ішінде мерзімінен бұрын босанғандар 2017 ж-14,  2018 ж-9, оның ішінде 15 жастағы 2017- 2018 жылдары 4 жасөспірім қыз балалар  болған. Ал 2019 жылы жасөспірімдер арасында жүктілікпен тіркелгендер саны 113, 15 жаста -3 жасөспірім, 16 жаста-27 жасөспірім, 17 жаста 83 жасөспірімдер тіркелген. 2020 жылы  жасөспірімдер арасында жүктілікпен тіркелгендер саны-121 , оның 16 жаста-33 жасөспірім, 17 жаста 88 жасөспірімдер тіркелген.

Сондықтан да, жастар мен жасөспірімдер арасындағы жүктілік, түсік, қалаусыз жүктілік және аборт жиілігінің жоғарылығына байланысты денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды проблемалардың бірі болып саналады

Зерттеу мақсаты: Қазіргі таңдағы үлкен мәселеге айналған жастар мен жасөспірімдер арасында жоспарланбаған  ерте жүктіліктің алдын алудағы медицина қызметкерінің  рөлін  сауалнама арқылы  зерттеу.

Тәсілдер мен материалдар

Зерттеу жұмысында 30 респондент қамтылды. Cауалнама микс болып құрастырылды, яғни сауалнама екі мақалаға  сүйене отырып жасалынды. Олар «Проблема подростковой беременности и роль среднего медицинского персонала в ее первичной и вторичной профилактике» және Е. А. Маркватова «Особенности медико-социальной готовности к материнству» мақалаларынан алынған. Осы зерттеудегі сауалнама сұрақтарының үлгісі менің зерттеуімде қолданылады.

Зерттеу дизайны: Сапалық зерттеу, феноменальды; рандомизирленген мақсатты, популяцияға негізделген

Зерттеу объектісі: 2020 жылдың желтоқсан айында Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығына жүгінуші 14-18 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдерден зерттеу жүргізу арқылы сауалнама  алынды.

Зерттеу құралы: Облыстық жастар денсаулығы орталығында жастар мен жасөспірімдер арасында «Жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында сауалнама жүргізілді.

Негізгі зерттеудегі жастар мен жасөспірімдерді ақпартаттандыру мақсатында контрацепция, түсік, қалаусыз жүктіліктің алдын  алу шаралары  туралы жастардан, 20 сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Сауалнама  анонимді түрде өткізілді. Зерттеуге қатысушылардан жазбаша түрде зерттеуге рұқсат беретіндігі туралы келісім алынды. .

Қорытынды: Зерттеу жұмысынның нәтижесі бойынша  жастар мен жасөспірімдер арасындағы жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алудағы ақпараттандырылу деңгейі     

62 %-ды құрады, яғни бұл жасөспірімдердің отбасын жоспарлау, жыныстық қатынас, жыныстық жолмен берілетін аурулар, тиімді контрацепция әдістері, қауіпсіз жыныстық қатынас және т.б. туралы хабардар болуының төмен деңгейімен сипатталады. Демек, жастар мен жасөспірімдер арасындағы жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алу, контрацепция әдістері, жыныстық жолмен жұғатын аурулар, қауіпсіз жыныстық қатынас туралы ақпарат деңгейін жақсарту үшін  медицина қызметкерінің атқаратын  рөлі зор.

Практикалық ұсыныс

1. Оқу-орындарында жастар мен жасөспірімдерді ақпараттандыру, контрацепциялық әдістерді үйрету, жеке бас гигиенасын, репродукдтивтік денсаулықты түсіндіру негізінде  денсаулық мектебін ашып, оған мейірбике, тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары және директорды жауапты етіп тағайындау.

2. Білім алу мекемелерінде айына бір рет бала тәрбиесіне байланысты ата-аналар жиналысын өткізу

3. Оқу орындарында  жыныстық қатынас және өрбіту саулығы (қыздар мен ер балалар арасындағы қарым – қатынас, түсіктің алдын алу, жыныстық жолмен жұғатын инфекцияның алдын алу тақырыптарында жылдық жоспар жасалынып, кестеге сәйкес ОЖДО мамандарының ұйымдастыруымен  семинар-тренинг өткізу.

4. Мектеп қабырғасындағы ер балаларға арнайы қалаусыз жүктілік пен жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардан  сақтанудың жолдары туралы мүшеқапты қалай пайдалану керек екенін арнайы аптасына бір рет мейіргердің қатысуымен сабақ ұйымдастырылып, жүргізу.

5. Жыныстық тәрбие сағаттарын енгізуге техникалық қолдау көрсету.

6. ОЖДО симуляциялық кабинеттерінен білім алу мекемелерінің мейірбикелеріне салауатты өмір салты, контрацепциялық әдістері, репродуктивті денсаулық жайында оқыту -семинарын ұйымдастыру.

7. Жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінің директоры, директордің тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары және медицина қызметкерімен тығыз байланысты жұмыс жасау  (Облыстық білім басқармасымен саларалық бағытта жылдық жоспар, кесте бойынша блок схема құру).

8. Орталық медбике қызметкері  саларалық бағытта оқу орындарымен тығыз байланыста блок схема бойынша  жұмыс жүргізіп, анықталған жасөспірімдердің шағымдары бойынша жастар денсаулығы орталығының гинеколог, уролог, тері – венеролог дәрігерлерінің кеңес алуына шақыруын ұйымдастыру.

9. ОЖДО медицина қызметкерлері жасөспірімдерге жастарға жоспарланбаған ерте жүктілік туралы ақпарат әдісін  түрлендіру.

10. Жастар мен жасөспірімдердің  сұранысы бойынша Облыстық жастар денсаулығы орталығындағы симуляциялық кабинетті қосымша әдістемелік құралдармен толықтыру.

11. Жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кеңінен іс шаралар өткізуге ерікті тарту.

12. Жалпы білім беру мекемелерінің мейірбикелері үшін кәмелетке толмаған қыздарда ерте жүктіліктің алдын  алу бағдарламасын әзірлеу.

13.Отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру моделін әзірлеу.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Егоров Е.А., Басинский С.Н. Клинические лекции по офтальмологии: Учебное пособие. - 2007. - 288 с
2. https://www.zakon.kz/4946068-v-kazahstane-ezhegodno-operiruyut-16.html
3. Liu Y-C, Wilkins M, Kim T, Malyugin B, Mehta JS. Cataracts. Lancet. 2017;390:600-12. Medline:28242111 doi:10.1016/ S0140-6736(17)30544-5
4. Pascolini D, Mariotti SP.. Global estimates of visual impairment: 2010. Br J Ophthalmol 2012; 96: 614–8. [PubMed] [Google Scholar]
5. Skelton DA, Howe TE, Ballinger C, Neil F, Palmer S, Gray L.. Environmental and behavioural interventions for reducing physical activity limitation in community-dwelling visually impaired older people. Cochrane Database Syst Rev 2013; 6: CD009233. [PubMed] [Google Scholar].
6. Chang JR, Koo E, Agron E, Hallak J, Clemons T, Azar D et al.(2011): Risk factors associated with incident cataracts and cataract surgery in the age-related eye disease study (AREDS). Ophthalmology,118(11):2113-2119.
7. Praveen MR, Shah GD, Vasavada AR, Mehta PG, Gilbert C and Bhagat G(2010): A study to explore the risk factors for the early onset of cataract in India. Eye (London), 24(4):686-694.
8. Klein R, Klein BE, Jensen SC, Moss SE and Cruickshanks KJ(1994): The relation of socioeconomic factors to age-related cataract, maculopathy, and impaired vision. Ophthalmology,101(12):1969-1979.
9. Hiller R, Sperduto RD, Podgor MJ, Wilson PW, Ferris FL (1997): Cigarette smoking and the risk of development of lens opacities.In: Archives of ophthalmology. 3rd ed, Colton T. Chicago, pp:1113-1118.
10. Klein BE, Klein R and Lee KE (1998): Diabetes, cardiovascular disease, selected cardiovascular disease risk factors and 5-year incidence of age-related cataract and progression of lens opacities. American Journal of Ophthalmology,126(6):782-790.
11. Bochow TW, West SK, Azar A, Munoz B, Sommer A and Taylor HR (1989): Ultraviolet light exposure and risk of posterior subcapsular cataracts. Archives of Ophthalmology (Chicago), 107(3):369-372.
12. Glynn RJ, Christen WG, Manson JE, Bernheimer J and Hennekens CH(1995): Body mass index. An independent predictor of cataract. Archives of Ophthalmology (Chicago): 113(9):1131-7.
13. Klein BE, Klein R, Lee K and Danforth LG (2001): Drug use and five-year incidence of age-related cataracts. Ophthalmology, 108(9):1670-1674.
14. https://www.who.int/ru/news/item/08-10-2019-who-launches-first-world-report-on-vision


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар