Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз және қатерлі ісіктерінің ішінде ең жиі кездесетіні — жатыр ісігі (80%-ға дейін). Аналық без (15-16%), сыртқы жыныс мүшелерінің және қынап (2-4%) ісіктері сирегірек кездеседі.
Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктері ішінде жиі кездесетіні — жатыр миомасы. Бұл бірыңғай салалы бұлшық еттен дамитын ісік. 30-50 жас аралығындағы гинекологиялық сырқаты бар әйелдер арасында миома 8-14%. Ісіктің гормонға тәуелді екені белгілі. Жатыр миомасы бар науқас әйелдерде фолликулдаушы гормон секрециясы жоғарылаған, лютеиндеуші гормон түзілуі төмендеген, етеккір айналымының сары дене фазасы қысқарған және гиперэстрогенемия байқалады. Қазіргі кездегі жіктелуі бойынша жатыр миомасы сублеукозды, интрамурольды және субсерозды деп бөлінеді. Ісік түйіндері жатырды деформациялауы мүмкін, жақын жатқан мүшелермен (несепағар, қуық, кіші жамбас қан тамырлары) физиологиялық байланысын бұзады.
Жатыр миомасының клиникалық көрінісінде негізгі және ең ерте байқалатын белгісі — қан кету. Гиперполименорея немесе метроррагия түріндегі жатырдан қан кету науқас әйелдердің 40-45%-да кездеседі.
Әрбір екінші қан кетуі бар науқас әйелдерде екіншілік постгеморрогиялық қаназдық байқалады. 18-20%-да ауырсыну синдромы, 12-15%-да көмей ас залал қызметінің бұзылуы анықталады. 30% жағдайда науқас әйелдер ешқандай шағым айтпайды, ісік тек профилактикалық тексеру кезінде ғана анықталады. Нақтамалау клиникалық көріністері мен арнайы гинекологиялық тексерулерге негізделеді. Сублукозды миоматозды түйінді анықтау үшін қосымша зерттеу әдістері қолданылады — гистеросальпингография және гистероскопия.
Жатыр миомасының емі клиникалық көрінісінің айқындылығына, түйіндердің орналасуына, ісік көлеміне және науқас әйелдің жасына байланысты. Шұғыл отаға көрсеткіш: түйіндердің қысылып қалуы, некрозы, субмукозды миоманың пайда болуы, екіншілік отаның анық болуымен жүретін шамадан тыс қан кетулер, миоманың инфицекциялануы, кіші және үлкен дәретке отырудың айқын бұзылыстары, ісіктің қатерлі ісікке айналу күдігі. Үлкен көлемді субмукозды орналасқан ісіктерде (жүктіліктің 14-15 аптасы және одан көп) әрқашанда жедел ем тағайындалады. Ал көлемі кіші субсерозды және интромуральды орналасқан ісіктерде, клиникасы айқын болмаған жағдайда күту шаралары (тоқсанына 1 рет қаралу) қолданылады. Себебі менопауза кезінде ісіктің өсуі тоқтап, кері дамиды. Жатыр миомасы кезіндегі консервативті ем кең таралмаған. Андрогенмен емдеу айқын нәтиже бермейді, ал сәулелі кастрация қазіргі кезде қолданылмайды.
Р. Дегенбаева, акушер-гинеколог
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі