Өлең, жыр, ақындар

Лудомания-қоғам дерті

Лудомания - адам өміріне терең еніп алып,шырмауынан шығармай қоятын психологиялық ауру түрі. Азарт адамды тек ақшасынан ғана айырмайды, қоғамнан да алшақтатады.

Лудомандар - ақша соңынан еріп,көзі ештеңені көрмей қалғандар. Олар үшін тек бір ғана мақсат бар: кезекті ставка жасау немесе келесі ұтысқа қол жеткізу. Казинолар мен букмекерлік кеңселердің қолжетімділігі артқан сайын, құмар ойынға әуес адамдардың саны да жылдан-жылға өсіп келеді.

Бүгінгі таңда лудомания Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы  тарапынан ресми түрде ауру ретінде қарастырылып, арнайы емдеу мекемелері ашылуда. Себебі, бұл жаман әдеттен адам өздігінен құтыла алмайды.Адамның құмар ойынға әуес екенін  қалай байқаймыз. Біріншіден, бойында масаздық пайда болады. Екіншіден,қарызға ақша сұрап бастайды. Үшіншіден,көп өтірік айтады. Дәл осы үш  әрекеттің өзі сізге адамның  жаман жолға түскенін айқын көрсетеді. Қазіргі қоғамда тек ересек адамдар ғана емес,мектеп оқушыларының арасында да лудомания кең таралған. Жеңіл ақша табуға құмартып, ата-анасын сан соқтыруда.

Есімізде әрдайым сақтағанымыз жөн.  Әдемі өмірге тек еңбек арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Қалғанының бәрі бос сандырақ.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз