Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті
"Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ" КММ
11 "А" сынып оқушысы, 2024 түлегі Баянов Абзал Батырханұлы
Жетекшісі: Турмаханбетова Ғалия Қалдыбаевна
Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Бүгін — жастардың сөзден іске көшетін заманы.
Ғани Мұратбаев
Менің Отаным — Қазақстан. Қазақстан — мәдениетті, бауырмал, пейілі кең, байтақ ел. Сол пейілімізге жараса дархан жеріміз, дана халқымыз, ұлттық құндылықтарымыз бен Тәуелсіз мемлекетіміздің барына шүкір!
Ұлттық құндылықтар — ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бағы. Тәуелсіздік таңы тілімді, дінімді, салт-дәстүрімді жаңғыртты.
Ата-бабамның қасық қаны, маңдай тері, ерлік, батырлық істері арқылы келгенін біз, жастар, еш уақытта ұмытуға қақымыз жоқ. Демек, қазақты әлем халқына танытып тұрған ол — біздің ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық оюларымыз, ұлттық тағамдар мен ұлттық ойындарымыз болып табылады. Кез келген қоғам мәдениетінің баға жетпес байлығы, әрі зор табысы — әліпби, әліпбилік жазуы. Осы жазу мәдениетіміздің қалыптасуына ең бірінші үлес қосқан арғы ата-бабамыз, яғни түркілер болғандығын бүгінде мақтанышпен айта аламын. Көне түркі заманындағы жазбалар да ұлттық құндылықтарымыздың ең негізгілерінің бірі деп мақтана айтуымызға негіз бар. Ұлттық тәрбиемен тәрбиеленген бала өз ұлтының ерекшелігі мен құндылығын бағалай білетін ұрпақ болып өседі деп ойлаймын. Сол сияқты, мен де атам мен әжемнің тәрбиесін алып, олармен бірге қыдырып, қазақтың шілдеханадан басталатын тойларының барлығына қатысып, салт-дәстүрдің берер тағылымымен сусындап өстім деуіме әбден болады. Өмірде парасатты, білімді адамдарды ұнатамын. Өйткені, білімді, парасатты адам — зиялы адам. Ал қазіргі заманда елімізді, жерімізді әлемге паш ететін бірден-бір жол білім жолы. Бүгінгі күннің биік талабы да — осы. Қазіргі кезде булім саласына көп көңіл аударылуы, дарынды балаларға арналған көптеген шаралардың жүргізілуі қуантарлық жай. Қазақстандағы білім жүйесінің саласы әлемдік деңгейге жететініне сенімдімін.
“Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар”, — деген қарапайым халық мақалында қаншама мән, мағына бар десеңізші?! Білімді деп мол білімге ие болған адамды айтуға болады. Сондықтан елімнің әрбір азаматы білімді, парасатты, ұлтжанды болса екен армандаймын. “Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелестік қабілетімен айқындалады”, — дейді Елбасы “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” деген мақаласында. Яғни, жаһандық бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеу — мемлекеттік идеологияның берік негізі.
“Заман өзгерді, сен де өзгер”, — деп Абай атамыз меңзегендей, өзгерістер уақыт өте келе арнасы кеңейіп, бүгінгі тәуелсіз заманымызда өзінің талабын алдымызға тартып отыр.
Жалпы қазіргі қазақстандық жастар прагматикалық әрі бәсекеге қабілетті деп айтуға болады. Бір жағынан бұл уақыт талаптарына байланысты болса, екінші жағынан сананың “қайта жаңғыруы” жаһандық және жеке қажеттіліктерге байланысты жан-жақты әрі жауапты адамдарды қалыптастырады.
Өз ойымды қорытындылай келе, “Ата-салтың — халықтық қалпың” дегендей, өз ұлтымыздың қадір-қасиетін, ой-өрісін танытатын салт-дәстүрімізге, қазақтың мәртебесін көтеретін мұраларымызға құрметпен қарап оларды қастерлеу-баршамыздың міндетіміз деп білемін. Ұлттық құндылықтар — әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл қазыналарымыз. Жаһандану дәуірінде барлық құндылықтарымызды өз деңгейінде сақтап, жетілдіруді парызым деп білемін. Мен — елдің ертеңі болар ұрпақтың бірімін. Болашағыма үлкен сеніммен қараймын.
Болашағымның жарқын болуына терең білім, жоғары адамгершілік сезім арқылы жетуді мақсат етемін. Елімнің мерейі үстем, келешегі жарқын, беделі асқақ боларына сенімім мол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі