Өлең, жыр, ақындар

Барсакелмес қорығы

Қорық Қызылорда облысы, Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 180 шақырым жерде орналасқан. 1939 жылы құрылған қорықтың аумағы 37 гектардан асады. Бұрын Барсакелмес арал болған, бірақ Арал теңізі құрғаған соң, шатқалға айналған. Бұл жерде бауырымен жорғалаушылардың 12 түрі, құстардың 178 түрі және сүтқоректілердің 27 өкілі мекендейді. Шатқалдың едәуір бөлігін жусан өсімдігі алып жатыр.

Теңіз кеуіп қалған кезде, 2000 жылы оның түбінен Кердері I кесенелері табылған. Бұл құрылымдар Ұлы Жібек жолының бір тармағында орналасқан. Ғалымдар ескерткіштерді шамамен 11-14 ғасырларға жатқызады. Кесененің биіктігі – 2,3 метр. Ол күйдірілген кірпіштен тұрғызылып, беті сәндік тақталармен қапталған. Аңыздар Оның атауына байланысты ел аузында әртүрлі аңыздар жүр, олардың бірінде: ертеде бірнеше қазақ тайпасы осы аумақты паналауға шешім қабылдаған. Қыс бойы осында өмір сүрген адамдар жабайы жануарлардың етін жеп, еріген қар суын ішу арқылы күнің көрген. Алайда жаз мезгіліндегі қатты құрғақшылықтың кесірінен, жергілікті тұрғындар сусыз және тамақсыз қалып, қырылып қалған. Олардың ешқайсысы қайта оралмағандықтан, халық бұл аралды «Барсакелмес» деп атап кеткен. 20 ғасырдың ортасында Барсакелмеске бір топ геодезист келген. Зерттеушілер топтың бір бөлігін жағада қалдырып, өздері аралдың орталығына қарай бағыт алды. Тиісті жерге жеткеннен кейін, жолдастарымен хабарласуға тырысқанымен, байланыс болмады. Бір сағат өткен соң байланыс түзелген, бірақ басқа геодезистер оларды бір тәулік бойы аралдың түкпір-түкпірінен іздеп жүргенін айтқан. Ғалымдар кемеге қайтып оралғанда, олардың әрқайсысының сағаты 40 минутқа алға жылжығаны анықталды.

Оқуға кеңес береміз:

Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер