Ертеде бір тақуа ізгі жан біреуге бір қойын сатыпты. Сатып алған кісі біраз уақыттан кейін қойды әкеліп тұрып, әлгі ізгі жанға:
— Қойыңды қайтып ал, себебі шөп жемейді — депті. Тақуа кісі:
— Шөп жемейтінін қайдан шығардың? — деп, сұрағанда, сатып алушы адам:
— Оны маған қатысы жоқ бір егінге жайылуға алып барып едім аузын ашпастан бірде-бір рет шөп жемеді — дейді. Сонда тақуа кісі оған:
— Ей, мырза жаңылыс істепсің! Біліп ал, кісінің еккен егінін жеу біздің қойларымыздың да әдеті емес. Адал тапқан ақшаңа сатып алған шөпті бер! — депті.
Әлгі кісі барып, айтқанындай істеп еді, қой шөп жей бастапты.
Демек, өз заманында мұсылмандардың адал азық мәселесіне көңіл аударған жандардың иелігіндегі малдарына да әсері тиген.
Ризықтың адалын таңдау — өмірдің нұры, көңілдің қуанышы, құлшылықтың рухы әрі жүректің қалби сәлиммен жетуінің ең басты шарты. Харам ризықтар жан-дүниенің күйреуімен өкініштерге апарып соғады. Аллаһу та’ала біздерді адал ризығынан айырмасын! Әмин.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі