Қарт пен кедей — Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі материал.
Материал — Қарт, кедей, ғибратты оқиға, байлық — осы тақырыптарға байланысты.
Бір күні жоқшылықтан жадап-жүдеп жүрген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып:

— Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? — деп налиды.
Данышпан оған:
— Себебі, сен адамдарға жомарттық танытпайсың, өте сараңсың, — деп жауап береді.
Бұл жауапқа таң қалған кедей:
— Қолымда беретін ештеңем жоқ, тапқаным өзімнен артылмаса, қалай жомарттық танытамын? — дейді.
Сонда қария:
— Негізі сенің адамдарға жақсылық жасауға мүмкіндік беретін бес қабілетің бар.Сол мүмкіндіктеріңді оятып, жүзеге асырғаныңда бұлай демес едің, — дейді.
Таң қалған кедей оның қандай қабілет екенін сұайды. Сонда данышпан:
Біріншіден, өзгелерге жымиып қара, күлімдеп жүр. Аллаһу та’ала нәсіп етсе, осы арқылы да садақа жасап, сауапқа кенелуіңе мүмкіндік бар;
Екіншіден, айналаңа мейірленіп қара. Олар сенің көзіңнен тек жанашырлық пен жақсылық көретін болсын;
Үшіншіден, сен мылқау емессің, сөйлей аласың. Ендеше адамдардан жақсы сөзіңді аяма;
Төртіншіден, жүрегің тоқтаусыз соғып тұр. Ендеше, бар ықыласыңмен жан-тәніңмен беріліп тұрып басқаларға жақсылық тіле. Олардың өмірінің берекелі, тұрмыстарының шырайлы болуы үшін дұға ет;
Бесіншіден, аяқ-қолың сау. Ендеше денсаулығыңды пайдаланып, жұртқа пайдалы істерді атқар. Көмектес, — дейді.
Қарттың бұл әңгімесі кедейді қатты ойландырады.
Иә, адам баласын бай қылатын — дүние-мүлкі мен ақшасы емес, ақ пейілі мен таза көңілі.
Бұл бетте Қарт пен кедей тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Қарт пен кедей материалы Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі