Қазақстанда екінші Лу Бань шеберханасы ашылады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Біз ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтып келеміз. Қазіргі таңда Қытайдың жоғары оқу орындарында 4 мыңнан астам қазақ жастары білім алып жатыр. Қазақстан техникалық мамандар даярлау мәселесіне баса мән береді. Оған қытайдағы әріптестеріміз қолдау көрсетіп отыр. Аталған саладағы ынтымақтастықты одан ары дамытуға келістік. Қытай Төрағасының сапары аясында екі тарихи оқиғаның куәсі болдыңыздар. Біріншісі – Астана халықаралық университетінің жанынан Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды. Сондай-ақ құрметті Си Цзиньпин мырзамен Қазақстанда екінші Лу Бань шеберханасын ашуға келістік. Бұл тиімді әрі маңызды жоба елімізде жоғары кәсіби мамандар даярлауға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін қазақ жастарының саны артты.
«Бұл тұрғыда үкіметтік грант санын көбейту, Қазақстан аумағында қытайдың озық техникалық университеттерінің филиалдарын ашу мәселесіне арнайы тоқталдық», - деді Президент.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі