Өлең, жыр, ақындар

Интернет балалары

Түркия Гази университеті психоневрология орталығының профессоры Др.Хайрунниса Болай, интернетке қатысты құрылған комиссияға мынадай баяндама ұсынды:

Адамға көп мағлұмат беру оны ақылды қылмайды. Мағлұматтар ол адамның ақыл сүзгісінен өтіп, негізгі білімге айналуы тиіс. Бала интернетте ойын ойнап, мультфильм көріп, компьютерде көп отыру арқылы ақылды емес, керісінше ақымақтыққа бейімделуде.

Компьютер ойындарының орнына дидактикалық ойындар балаға өте пайдалы. Соңғы кездерде оқығанын түсінбейтін және есеп шығара алмайтын жастар пайда бола бастады. Жасалған зерттеулерде 11 жастағы балалардың 15 жыл бұрынғы зерттеуге қарағанда 2 жыл артта қалғаны анықталды. Сол себепті оқу, жазу, есеп шығарудың, яғни жалпы үлгерімнің төмен болуы негізгі проблемаға айналуда.

Үй тапсырмасын орындар кезде теледидар, ұялы телефон, компьютер, интернет сияқты құралдардың қосылып тұруы сабаққа дайындалуға кедергі жасайды. Бір істен екінші іске өту баланың назарын бөледі, әсіресе есте сақтау қабілетіне және үйренуге кері әсер етеді. Сондай-ақ экранға қарап үйрену мен кітапқа қарап үйрену бірдей емес. Экраннан оқыған кезде 5 кісіден 1 кісі ғана дұрыс, ретімен оқитыны, ал қалған төртеуінің суреттерге, бояуларға, қалың әріппен жазылған жерлерге қарап, аттап-аттап әр жерінен бір оқитыны анықталды.

Кітап оқыған кезде адам асықпайды. Кітапта оқып жатқан нәрсенің суреті берілмегендіктен, адам өзі ойланып, көз алдына келтіріп оқиды. Сондықтан ойлау қабілеті де дамиды. Ойша анализ жасалып, тұрмыстағы ұқсастықтары салыстырылады, талдау жасалады. Ал ұялы телефон, компьютер мұның терісі. Интернетте жылдамдық және асығыстық себебінен түсінбей қалады. Адамдарға жөн сілтейтін пікірлер жалғыз қалған кезде пайда болады. Ал сандық технологиялар бұл мүмкіншіліктен махрұм етуде.

Оқуға кеңес береміз:

12 жасқа дейінгі балаларды не үшін гаджеттерден алшақ ұстау керек?

Балаңыздың интернет-тәуелділігіне тест


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз