Өлең, жыр, ақындар

12 жасқа дейінгі балаларды не үшін гаджеттерден алшақ ұстау керек?

Кішкентай балалар планшет пен смартфондарды тез меңгеретініне қазір таңғалмайтын болдық. Қазірде балалар жасына көптеген жарқын әрі қызықты ойындар мен қосымшалар ойлап шығарылып жатыр. Бірақ заманауи гаджеттер балаға несімен қауіпті?

Bilim-all.kz жаңа технология жетістіктерімен шектен тыс әуестену балаға қандай қауіп әкелуі мүмкін екенін баяндайтын, ғылыми зерттеулерге негізделген осы мақаланы уақыт тауып, оқып шығуға кеңес береді.

1. Мидың тез жетілуі. Баланың миы туғанынан және 2 жасқа дейін үш есе тез жетіледі және 21 жасына дейін жетілуін тоқтатпайды. Заманауи гаджеттердің (ұялы телефондар, интернет, теледидар) жетіліп келе жатқан миды одан сайын тездетеді – бірақ мұның теріс жағы да бар. Зерттеулер көрсеткендей, гаджеттерді пайдалану назар жетіспеу синдромына, дамудың когнитивті бөгелісіне, білім алуының қиындауына және есіріктікке әкелуі мүмкін.

2. Дамудың тежелуі. Қимыл-қозғалыс — денсаулықтың кепілі, сонымен қатар бұл зейін мен зеректікті дамытады. Бірақ заманауи ойыншықтарға әуес бала аз қимылдайды — нәтижесінде, дамуы тежеледі.

3. Артық салмақ. Ғалымдар балаларда артық салмақтың пайда болуын ұзақ уақыт бойы смартфонда ойын ойнауымен және теледидар қарауымен байланыстырады. Түрлі гаджеттерді өз бөлмесінде еркін пайдалана алатын балалардың 30%-ы көбіне толықтықтан зардап шеккен. Өз кезегінде, 30% толық балалардың диабетке ұшырау қаупі жоғары, сонымен қатар толық адамдар ерте инстульт алуға және жүрек тоқтап қалуға бейім келеді.

4. Ұйқының жетіспеуі. Ата-аналардың 60%-ы балаларының гаджетпен қанша уақыт отырғанына назар аудармайды. Әрине балалар ойынның қызығына кіріп, кеш жатады, ұйқылары қанбайды, күн тәртібі бұзылады, ал кейде ұйқысыздыққа ұрынады —  мұның бәрі олардың денсаулығына кері әсер етеді.

5. Психикалық аурулар. Көптеген зерттеулер тағы мынадай пікір айтады: заманауи ойыншықтар мен құрылғыларды шамадан тыс көп пайдалану балаларда күйзеліс, үрей, назар жетіспеушілік синдромы, аутизм, қос полярлық ауытқушылық, психоз бен баланың іс-әрекетіндегі басқа да ауытқушылықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

6. Агрессия. Психикасы әлі қалыптаспаған кішкентай балалар теледидар мен ойындарда көрсетілетін көріністерге аса бейім. Онда кейде өлтіру, сабау, қиынау мен зорлау сияқты зұлымдық іс-әрекеттерді көрсетеді. Мұның бәрі балада агрессияның пайда болуына әкеледі.

7. Ақпараттық қайта жүктеу. Шамадан тыс көп ақпарат (мысалы, БАҚ) та назар жетіспеушілік синдромының пайда болуына себеп болуы мүмкін, сонымен қатар бұл зейін қоюды сейілтіп, жақсы оқуға кедергі болады.

8. Гаджеттерге байлану. Ата-аналар балаларымен ойнап, сөйлесудің орнына көп уақытын ноутбукқа және смартфонға қараумен өткізеді. Егер бала ата-анасына байланбаса, онда кейбірі заманауи ойыншықтардан жұбаныш іздеп, соларға байланып қалады.

9. Радиациялық сәулелену. Балалар үлкендерге қарағанда әлдеқайда сезімтал, сонымен қатар олардың миы мен имундық жүйесі әрдайым даму үстінде. Сол себепті ұялы телефондардан бөлінетін радиациялық сәулеленуге назар аудармауға болмайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы оларды және басқа да сымсыз құрылғыларды 2В санатына — ықтимал канцерогенге жатқызды.

Осы келтірілген барлық ықтимал салдар — балаларыңыздың денсаулығы мен болашағын ойлауға себеп. Бұл оларды толықтай заманауи технологиядан ажырату керек деген сөз емес. Оларға әңгіме, ойын, кітап және серуеннен тұратын жарқын және уайымсыз балалық шақтын дәмін де сезінуіне ықпал жасаңыз, сол жарқын сәттерді сыйлауға тырысыңыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Мира

Өте орынды, пайдалы кеңестер.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар