Өлең, жыр, ақындар

ҰБТ өмірдің соңы ма?

Әрбір адам өмірде сан қилы сынақтардан өтеді себебі, сынақсыз өмір болмайды. ҰБТ да дәл сондай өмірдегі кіщкене ғана сынақ деп қабылдай білу керек. Көптеген оқушылар ұлттық біріңғай тестілеуден қорқып, сары уайымға салынып кетеді.

— “Тек грант ұтып алсам ғой.”

— “ Ата-анама жүк болғым келмейді.”

— “Ата-анамның үмітін ақтасам екен” — деген сынды сан алуан ойлар мазалуы мүмкін. Әйтседе бәрі өзіңнің қолыңда екенін ұмытпаған жөн. Грантқа түсу, ата-ананың үмітін ақтау, сол себепті болашағың үшін жақсы таңдау жасап, аянбай еңбек ету керек. Депрессияға бір табан жақындататын түрлі пікірлер бар екенін жақсы түсінемін. Әрқайсысымыз өмірде бұл кішкентай ғана сынақтан өттік.

ҰБТ тест бұл  өмірдің соңы емес. Алда әлі талай өмірдің қызығы мен шыжығын көресің. Бұл ҰБТ-ны алдыңда тұрған жол деп есепте. Егерде сол жолдан өтпей қалсаң мүлдем қынжылма. Білім алудың, ата-ананың үмітін ақтаудың, маман иесі болудың түрлі жолдары бар. Сенің бұл өмірде биік шыңдарды бағындырып, жетістікке жетуің ҰБТ-дағы баллға байланысты емес, өзіңе байланысты.

Зер салып қарасаң, әлем бойынша үлкен жетістіктерге жеткен ұлы тұлғаларда талай сынақтардан өткен.

Түйіндей айтқанда, ҰБТ өмірдің соңғы сынағы емес. Мұны тек біз ғана емес, мұғалімдер мен ата-ана да баланың санасына сіңіргені жөн. Бастысы, әрбір талапкер үміт сеніммен ұштасқанда ғана көздеген мақсатқа жетуге болатынын жете түсінгені абзал. Ендеше, білім сынағында түлектеріміздің бабы мен бағы қатар шауып, айы оңынан тусын деп тілейміз.

Ботагөз ИНАБАТОВА, №187 IT мектеп-лицейінің бітіруші түлегі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар