Өлең, жыр, ақындар

Жүрегімнің түбіне терең бойла....

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Тек қазақтың  жүрегінен емес,  барша парасатты адамдардың жүрегінен орын алған дана да, дара тұлға, қазақ классикасымен мәдениетін жаңа белестерге жетелеген,  қазақ поэзиясының шыңына шыққан, мәңгі өшпес мұра қалдырған,  халқының ардақтысы да асылы Абай атамыз. Абай өз өмірін қазақ халқының көзін ашуға,  өсіп-өнуіне, қазақтың басын қара бұлттай торлаған надандықты жеңуге арнады. Надандықпен күресе жүріп өз айтарын, ақыл-даналығын құр сөзбен емес өзіндік философиялық өлеңдерімен жеткізе алды. Оның өлеңдерінің көбісі адам бойындағы жақсы қасиеттерды ашуға,  ал жаман қасиеттерден арылуға жол сілтейді. Әрі оның өлеңдерінде адамгершілік пен парасаттылық,  өмірдің ашщы шындығы мен тәтті өтірігі бейнеленеді. Сол заманды билеп, төстеп отырған әділетсіздікті өзінің өлеңдерімен қарапайым халыққа жеткізіп, надандық пен әділетсіздікті жеңуге шақырды. Абай өз өлеңдеріне тек надандық туралы қозғап қана қоймады, оның өлеңдеріндегі басты идеялары халықтың мұң-мұқтажын түсіндіру, қазақтың көзін ашу,  білімге шақыру,  жер-ел мәселелерін шешуге арналды. Осы айтылған нәрселерді мына өлеңнен көре аламыз:

“Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсі мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді ұртың. ”

Абайды осындай өлеңдерімен қоса ол бұл мәселелерді өзінің қара сөздерінде де көтерді. Оның қара сөздерін оқыған адам өзіне керек білімді алып, өмірдегі ақ пен қараны ажырата алтындай қасиетке ие болады. Қара сөздердің құдіреттілігі сонша жауабын таппаған құпиялар мен қиындықтардың жауабын ашып, өмірде қолдау мен көмек көрсетеді. Қазақтың ұлы зиялысы Ахмет Байтұрсыновайтқандай:”Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. ” Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен келіспеу мүмкін емес. Оның сөзінің жаны бар. Шындықты мойындасақ Абайдан асқан шебер ақын жоқ. Ол әрбір сөзді ерекеше әсемдеп, көрік беріп жазады. Қарапайым бір-екі шумақ өлең жазсада шеберлігі көрініп тұрады.  Бір шумақ өлеңге қаншама ой мен идеяны, мәселені сыйдыру шеберлік демей немене? Барлық қазақ ақындар ғана емес оны күллі адамзат ақындары мойындап, шын парасат иелері оны оқып, пір тұтып, шеберлігін мойындаған.  Қазірге болсын, Абайдан кейінгі болсын барлық  ақын Абайды пір тұтады. Сонымен тобықтай сөздің түйінін Мұхтар Әуезовтың сөзімен түйіндегім келіп отыр. ”Абай лебі, Абай үні, Абай танысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алын тұр”.

Ізбасарова Фариза


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз