Былайша атамыз қазақ Әнас әулиеден оныншы атада дүниеге келіп, атамыз Қазақ балалары үшінші және төртінші атаға жеткен кезде Бұқараға қараған жерге келген еді. Сол уақта Бұхардың ханы Қызыл Арсылан ханның бәйбішесінен бала болмай, екінші қатын алып одан бір ер бала туып, бірақ бала ның тәні ала болып туыпты. Бәйбіше күншілікпен бұл бала халық ты бұзады деп, ханды азғырып, қатын тілімен мал-түлік бол ған баланы қасына қырық жігіт қосып Сырдариясынан өткізіп, Сарыарқаға жер аударып жіберген. Ол уақта Сарыарқада ноғайлы деген халық бар екен. Орманбет ханның әйелі бар екен һәм Қара қалмақ және Құба қалмақ деген қалмақ бар екен. Енді ханның баласы «түрі жақсы жігіт болыпты» деген, «өнерпаз болыпты», «аман жүр» деген хабар атасы Қызыл Арсылан ханға жетеді. Бұрынғы есіне түсіп, пұшайман болып өкініп, өзіне қараған адамдарын жиып ақылдасып, қазақ ұлы Ағарыстан аға[сыз] еді, халық Ағарыстың немересі үйсінді бас қылып жүз кісі жібереді. Күш қылып, бұлар келіп баламен танысып, бала қайтпаған соң, бұлар баланы қимай һәм Сарыарқаның салтанатын қимай тұрып қалыпты.
Мұндағылар үш жылдан кейін тағы да жүз адам жібереді. Бұған Жанарыстың шөбересі Ақжолды бас қылып, тағы үш жылдан кейін Бегарыстың немересі Алшынды бас қылып жүз кісі жібереді. Бұлар тағы да тұрып Алаша ханды хан көтеріп, «ұранымыз Алаш болсын!» дескен екен. «Аламан Алаш болғанда» деген осыдан қалған сөз болған. Әр елден қуып мал алып, қызықпен қыз алып жүргенде, ел шабу сияқты біраз заман өтеді. Алаша ханның Жошы деген баласын құлан теуіп өлтіреді. Енді Алаша ханның өзі болып, ел иесіз қалып, содан кейін өздері өсіп-өніп, көбейіп бір жерге сыймастай болып, сондықтан Қаратаудың бір жағында бір өзеннің бойында халық үшке бөлініп, үйсін батырға қараған ел «ұлы жүз» болып атанып, Арқаға қарай шығып, ортада тұрған Ақжол мырза Сарыарқаға қарай шығып «орта жүз» атанып, Соңғы келген Алшын мырза Сыр-дариясына қарай шығып «Кіші жүз» атанып, үш жүздің баласы деген атақ содан қалған екен. Солай да болса қазақтың үш баласынан басқа атаның аты жоқ. Өзгесінің өсімі кем болып, ақырында тұқым қалмады дейді. Тәмам.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі