Оңтүстік Кореядағы ең ірі компаниялар тобының бірі. Әлемдік нарықта тұрмыстық техника, аудио және видео құрылғылар шығарушы ретінде белгілі.
Samsung халықаралық концернінің тарихы Тэгу қаласындағы шағын қоймадан бастау алады. 1930-жылдары Ли Бен Чхоль атты кәсіпкер өз кәсібін ашады. Ол кезде күріш ұнын тартып, өзінің дүңгіршегінде жұмысын дөңгелетіп жүреді. Бұл уақыт Кореяның Жапония колониясы болған кез еді. Ел ішінде жеке кәсіпкерлікпен айналысу өте қиын болған. 1938 жылдарға қарай бизнесмен құрамында 40 адамы бар сауда фирмасын ашады. Кәсібі — Кореядан Қытай, Манчжурияға күріш, қант, кептірілген балық экспорттау.
Азық-түлік өнімдерін жеткізу жұмысы жақсы дамығаны сонша, Samsung Trading Company енді сауда белгісі ретінде ресми тіркелді. Корея үшін компания атауы тың болса да, бұл кәсіпкердің жоспарының ауқымдылығын байқатқандай болды. Корей тілінен аударғанда Samsung (тәжірибелік транкскрипциясы бойынша «самсон») «үш жұлдыз» дегенді білдіреді.
Екінші Дүниежүзілік соғыс Samsung-тің одан әрмен дамуына үлкен үлес қосты.
Бірақ, 1950 жылы Корей түбегінде азамат соғысы басталып кетті. Компанияның негізгі қоймалары майдан сызығында қалып кетеді.
Аңыз бойынша, компанияның қайта өрлеуі 1951 жылы кәсіпкердің күл-қоқыстың арасынан ақша тауып алғанынан басталады. Ол бірден табылған ақшаны тоқыма фабрикасы, қант зауыты мен сақтандыру компаниясына секілді жаңа істерге салады.
1973 жылдыңтамыз айында корпорацияның бас кеңсесі Сувон қаласына көшіріледі. Мұнда, кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштардың жаппай шығарылымы басталады.
1977 жылы Samsung Electronics компаниясының экспорттық көлемдері 100 миллион доллардан асады.
1987 жылы компания басшылығына Ли Бён Чхольдың кіші ұлы Ли Гонхи келеді. Оның басшылығымен компания жаңа белестерді бағындырады.
Қазіргі логотип — компанияның атауы ішінен жазылған көк эллипс. Керемет үйлескен дизайн мен сәтті жарнамалық кампания өз қызметтерін артығымен орындады: логотипті бүгінде танымайтын адам жоқ. Эллипс пішінді логотип әлем кеңістігіндегі қозғалысты, жаңару идеясын және жоғарыға көтерілуді білдіреді.
1994 жылысауда көлемі 5 млрд АҚШ доларына жетеді. Ал,1995 жылы экспорт көлемі 10 млрд доллардан асып түседі.
1997 жылдың мамыр айында Samsung Electronics «Сысмыз байланыс құралдары» категориясында «Олимпиада серіктесі» атанады. Шанхайдағы CDMA құрылғыларының басты экспортерына айналады. Осы жылы компания салмағы 137 грамм болатын әлемдегі ең жеңіл CDMA телефонын шығарады.
1998 жылы сұйық кристалды мониторлар нарығының ең үлкен еншісі осы компанияға тиесілі болады. Санды теледидарлар өндірісін жаппай шығару осы жылдан басталып кетеді.
1999 жылдың қаңтар айында Forbes Global журналы Samsung Electronics-ке «Тұрмыстық электроника өндірісіндегі үздік компания» сыйлығымен марапаттайды.
2004 жылыкомпания «Жыл бренді» аталымын «Бедел және сенім» номинациясында жеңіп алады. Одан бөлек, түрлі тауарлық номинацияларда 2 алтын және 1 күміс жүлдеге ие болады.
2005 жылы компанияның сатылымы 56,7 млрд долларды құрайды. Ал, таза табысы — 7,5 млрд доллар болады. Және Челси футбол клубының негізгі демеушісі ретінде де жұмысын осы 2005 жылы бастайды.
Samsung телекоммуникация нарығына 1977 жылы шығады. Он жыл өткен соң 1988 жылы корей нарығында SH-100 ұялы телефоны пайда болады. Бұл тек Самсунгтың алғашқы телефоны емес, Кореядағы алғашқы телефон ретінде тарихта қалған.
Тачскринді алғашқы телефонын Samsung 2008 жылы шығарады. Ал Android жүйесіндегі алғашқы телефон I7500 2008 жылы шыққан. Бұл алғашқы Galaxy болатын.
Оқуға кеңес береміз:
Samsung компаниясының тарихы: Корея техникасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі