Бөгенбай батыр 1690 жылы Сырдарияның жағасында дүниеге келген. Ол Абылай ханның ең беделді қолбасшыларының бірі болған.
Оның әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мыңдық әскерін басқарған сардар болған. Қанжығалы Бөгенбай өзінің шешендік өнерімен және көшбасшылық қасиетімен ерекшеленген. Жас кезінен-ақ ауылдарды аралап, рулар арасындағы дауларды шешуге белсене қатысқан.
Уақыт өте келе өзінің төңірегіне жақын туыстары Таймасар, Көлбай, Маймасар, Жантай, Досай, Атан, Томаш, Үмбетей ақын сияқты жауынгерлерді жинап, өз жасағын құрды. Ел арасында оларды «қанжығалының қырық батыры» деп атаған. Бөгенбай шағын жасақпен соғысудың шебері болған. Жау әскерінің саны мен орналасқан жері туралы қажетті ақпарат жинағаннан кейін, оларға кенеттен соққы жасауды ұнатқан.
Ол Башқұрттармен, Қалмақтармен және Хиуалықтармен өткен шайқастарда өзін шебер жауынгер ретінде көрсете білді. 1710 жылы Қазыбек би, Төле би және Әйтеке бидің шешімімен, үш жүздің басын біріктірген қолбасшы етіп тағайындалды. Қазақ жасақтары жоңғарларды Есіл, Ертіс, Шу, Сарысу және Нұра өзендерінің бойында толығымен талқандады. Оның есімі уақыт өткен сайын басқыншыларға құрмет пен үрей ұялата бастады.
1729 жылы Аңырақай шайқасында Қабанбай, Райымбек батырлармен бірге, Бөгенбай де болды. Бұл шайқаста жоңғарлар ауыр жеңіліске ұшырады. 1756-1758 жылдары қазақ жерлеріне қытай әскерлері басып кірді. Атақты батыр бастаған сарбаздар олардың шабуылын тойтарып, жауды Үрімжіге дейін қуалаған.
85 жасында ат үстінде қайтыс болған батырдың мәйіті Түркістан қаласына жеткізіліп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі