1941 жылы 16 қарашада Дубосеково жол айырығында генерал Панфиловтың 28 жауынгері мәңгілік өшпес ерлік көрсетті.
1941 жылдың шілде айында Алматы қаласында 316-атқыштар дивизиясы құрыла бастады. Көп ұлтты әскери бөлімнің 40 пайызы қазақ жауынгерлерінен тұрды. Шақырушылар негізінен Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары болды. Дивизия командирі болып генерал-майор Иван Васильевич Панфилов тағайындалды.
Ұлы Отан соғысындағы ең ірі шайқастардың бірі Мәскеу түбінде өтті. Бұл ұрыста фашист әскері сәтсіздікке ұшырап, жаңа шабуылға белсенді дайындықты бастады. Осы жолы неміс қолбасшылығы, Қызыл әскердің қорғанысын Волоколамск тас жолы арқылы бұзып өтуге тырысты. Бұл тапсырманы орындауға 2 танк дивизиясы мен жаяу әскер берілді.
Қорғаныс шебін толық жабдықтап үлгермеген жауынгерлер 16 қараша күні шайқасқа кірісті. Сарбаздар төрт сағат бойы жаудың 2 танк дивизиясы мен жаяу әскерін ұстап тұрды. Неміс ұшақтары панфиловшыларды ауадан үздіксіз бомбалауға кірісті. Жауынгерлер жауды миналармен, молотов коктейльдерімен және гранаталармен қарсы алды. Олар фашисттердің бірнеше шабуылына тойтарыс беріп, 50 танктің 18-ін жойды.
Немістер осы шайқаста өздерінің жеңілісін мойындап, Волоколамск тас жолын басып ала алмады. Ұрыстың нәтижесінде жауынгерлердің көпшілігі қаза болып, қалғандары ауыр жарақат алды. Кейін белгілі болғандай, 28 панфиловшының 6 сарбазы тірі қалған.
Бұл дивизияның барлық жауынгерлері Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1941 жылдың 18 қарашасында 316-шы дивизия 8-ші гвардиялық панфиловшылар дивизиясы деп аталды.
Оқуға кеңес береміз:
Ұлы Отан соғысының үш кезеңі. (1941-1945 жж.)
Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы туралы мәлімет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі