Ұннан майға қуырып пісіретін тағам түрлері — Дастарқан бөліміндегі материал.
Материал — Ұннан жасалған тағамдар, Дөңгелек, Ләйлек, Бәтер — осы тақырыптарға байланысты.
Дөңгелек — жылы суға айран, сорпа қосып иленеді. Оқтаумен қалыңдығы 1 см болатындай етіп, жайылып, табаға қуырады. Кейбір аймақтарда дөңгелекті қалаш деп те атайды.
Ләйлек — қаймағы алынбаған сүтке жұмсақ етіп иленіп, табаға қуырылады.
Бәтер — ашыған айранға 1 ас қасық қант, аздап тұз, сары май қосып илеп, табаға жауып пісіреді.
Шелпек — шикі сүтке иленеді, жұқа жайылып қазанда қызып тұрған майға салып бірден аударып, қатырып жібермей алынады.
Қабыршақ шелпек — май құйып иленген қамырды жайып арасына жұмсартылған сары май кезектерін салып, бірнеше қабаттап қайта жаяды. Кәудірлетіп қуырады.
Май шелпек — сары майға иленіп, қалыңдау етіп жайылады. Қазандағы майды қатты қыздырмай қуырады.
Қиықша — жұмыртқаға ғана иленіп, қиықшалап кеседі. Қатты қызған майға бір салып алады.
Қошқар мүйіз — жұмыртқа, сары май, жарты шәй қасық ас содасына 3-4 тамшы сірке суын тамызып, құмшекер қосып илеген қамырды жіңішкелеп есіп, бір жағынан ширатып, екі ұшын қосқанда ирек-ирек пішіндегі бауырсақты қазандағы қызған майға салып пісіреді.
Сәлде — илеген қамырды жіңішкелеп тіліп, дөңгелекте шумақтап майға кәудірлек етіп қуырады. Дастарханға әкелерде үстіне көкнәр себіліп, жеміс шырыны құйылады.
Ірімшік бауырсағы — дәмді және өте тез жасалады. Әсіресе оразада сәресіге не ауыз ашар уақытқа туралап, лезде пісіре аласыз.
Құрамы:
200-250 гр.ірімшік (майлылығы 9-18%);
1 жұмыртқа;
3 ас қасық қант;
жарты шәй қасық қамыр қопсытқыш (разлыхлитель);
100 грамм ұн (қажет болса, аздап тағы қосыға болады);
бір шымшым тұз;
қуыру үшін өсімдік майы.
Ірімшік, қант, жұмыртқа үшеуін араластырамыз.
Дайындалуы:
Қамыр қопсытқыш пен тұз қосамыз. Дайын болған қоспалардың үстінен ұнды ақырын сеуіп және араластыра отырып, қамыр илейміз. Ол қолға кішкене жабысып тұру керек.
Қамырды 4 бөлікке бөліп, әрқайсысын дөңгелектеп, қалыңдығы 3,5 см болатындай етіп созамыз. Кішкентай бөліктерге бөлеміз.
Қазанды отқа қойып, өсімдік майын қыздырамыз. Майдың мөлшері ішінде бауырсақтар жүзетіндей болу керек. Май қызды-ау дегенде қамырды салып, қызарғанша қуырамыз.
Үстінен қант ұнтағын сеуіп, ыстық күйінде де, салқын күйінде де дастарханға қоя аласыз.
Бұл бетте Ұннан майға қуырып пісіретін тағам түрлері тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Дастарқан бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ұннан майға қуырып пісіретін тағам түрлері материалы Дастарқан бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі