Қазақтың ұлттық тағамы — бұжы

Басты бет / Дастарқан / Қазақтың ұлттық тағамы — бұжы

Қазақтың ұлттық тағамы — бұжы — Дастарқан бөліміндегі материал.

Материал — бұжбан, бұжы, Қарын бүрме, ұлттық тағам — осы тақырыптарға байланысты.

Қазақтың көпшілігі біле бермейтін ұлттық тағамдарының бірі — бұжы деп аталады. Бұл тағам жаңа сойылған малдың етінен дайындалады. Бұжы ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық тағамы. Оны жаңа сойылған малдың ішек қарнынан жасайды.

Бұжы әзірлеуде бізге ең қажеттісі малдың қарыны. Бұл тағамды әзірлеу үшін қой немесе ешкі етін және іш майы мен бауырын ұсақтап турап, оған аздап ұн себеміз де, дәміне қарай пияз, бұрыш, тұз қосамыз. Сосын туралған қоспаларды әбден араластырып, бүйенге не қарынға саламыз. Содан кейін бүйеннің ашық тұрған ұшын жіңішке істіктермен түйреп, бекітеміз. Ұшын жақсылап байлағаннан кейін оны суық су құйылған кәстрөлге салып, отқа қоямыз да, 1,5-2 сағат баяу қалыпта қайнатамыз. Бірақ, қарын немесе бүйен жарылып кетпес үшін әр жерінен тескілеп, ауасын шығарып, аударып тұру керек.

Кей жерлерде бұл тағамды бұжбан деп те атайды. Ал тағамның өзін суытып, суық күйінде жейді. Ертеректе бұжыны қадірлі қонақ келгенде, ұзақ жолға шыққанда, батырлар жауға аттанғанда пісіретін болған. Бұжыны жолға алып шығу үшін оны дайындау кезінде тұзын көбірек салып, кептіргеннен кейін ғана пісіріп жеген.

Бұл асты “асып пісірді ” дегені болмаса, бұжы қарынның ішінде демі шықпай піскен соң, өз нәрі өзінде қалып, ерекше дәмді болады.

Кейде бұжыны жылқының етінен де жасап жатады. Сондай-ақ, оған ерекше дәм беру үшін сарымсақ, картоп, күріш қосады. Сосын жалпы бұжының майы көбірек болғаны жақсы. Сондай-ақ, іш майдың орнына құйрық май қосуға болады. Сонда тағам құрғақ болмай, былбырап піседі.

Қажетті ингредиенттер:

– 1 шәй кесе жылқы жентегі (фарш)
– малдың майы
– 2 жуа
– 2 түйір сарымсақ
– 2 картоп
– шамамен жарты кесе күріш
– тұз
– қара бұрыш
– 3 ас қасық ұн
– су
– ішек немесе қарын

Дайындалуы:

Бұжы дайындау үшін алдымен малдың іш майын, картопты, жуа мен сарымсақты еттартқыштың майда көзінен өткізіп алу керек немесе қолмен майдалап турау қажет. Сосын дайын болған жентекке (фарш) күріш, ұн қосып, аздап су құямыз да, татымына қарай тұз бен қара бұрыш себеміз. Сосын бәрін жақсылап араластырып, қарынға немесе ішекке салыңыз да, екі жағын байлаңыз. Екі жағын жақсылап бекіткен соң, суық су құйылған ыдысқа салып, 1,5-2 сағат баяу отта қайнатыңыз. Су қайнайын деп жатқанда, бұжы жарылып кетпес үшін, оны тесіп тұрыңыз. Ал тағам дайын болғанда судан алып, суытыңыз. Жалпы, бұжыны дастарханға суық күйінде қойған дұрыс.

Оқуға кеңес береміз:

Ет тағамдары

Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдар



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Арука

Қазақтың ұлттық тағамдары туралы осындай танымдық мақалаларды оқу өте қызықты. Бұжы – көпшілік біле бермейтін, бірақ қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрлі тағамдарының бірі екені мақалада жақсы түсіндірілген. Қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарын таныстыру – өте маңызды іс. Осындай пайдалы әрі тәрбиелік мәні бар мақалалар көбейе берсін. 1000 Алғыс айтамын!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың ұлттық тағамы — бұжы деген не?

Бұл бетте Қазақтың ұлттық тағамы — бұжы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Дастарқан бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазақтың ұлттық тағамы — бұжы материалы Дастарқан бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Дастарқан бөліміндегі басқа материалдар бұжбан тақырыбындағы материалдар бұжы тақырыбындағы материалдар Қарын бүрме тақырыбындағы материалдар ұлттық тағам тақырыбындағы материалдар Қазақтың ұлттық тағамдары тақырыбындағы материалдар Cagida жариялаған басқа материалдар