Су — кез келген тіршілік иесі үшін аса қажетті нәрсе. Ғалымдар адам ағзасының 65-75 пайызы судан тұратынын дәлелдеген. Осыған байланысты кейінгі кездері денсаулық жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі талқыланып жүр. Шын мәнісінде, мұнша су адам ағзасына неліктен қажет?
Су атеросклероз бен басқа да оның асқынған түрлерінің ең негізгі емі болып табылады. Біз қажетті мөлшерде су ішкенде қан жақсы таралады да, атеросклероздық түйіндердің пайда болуына жол бермейді. Сол себепті, жүрек талмасы және инсульт сынды аурулардың алдын алады.
Егер сіз арықтауды мақсат етіп, диетаға отырып, спортпен шұғылдансаңыз, суды ұмытпаңыз. Су майды жоюға көмектеседі. Әрине, арықтау үшін сізге жүгіріп, спортпен айналысып, терлеу қажет. Алайда, сіз қажетті мөлшерде су ішсеңіз, жаттығудан да жақсы қорытынды шығады.
Біздің өміріміздегі көптеген химиялық реакциялар да судың көмегімен орындалады. Ағзадағы барлық заттар тек ерітінді түрінде. Бұлшық ет, тері, сүйек, бұзылған ткандердің қалыпқа келуі, гормондардың синтезделуі, ферменттер, медиаторлар, бәрі де суды қажет етеді.
Жұмсақ, таза тері қандай жағымды әрі әдемі көрінеді! Әрине, тері тазалығын сақтау үшін біз түрлі косметикалар қолданамыз, косметологтар кеңесіне жүгінеміз, алайда, судың қажеттілігін де ұмытпаймыз. Суды керекті мөлшерде қолдану терідегі ылғалдықты сақтауға көмектеседі, терінің қартаюына қарсы әрекет етеді.
Әрбір буында буын сұйықтығы бар. Сол сұйықтықтың арқасында буын жылжып тұрады. Ал ағзадағы судың аздығы буын сұйықтығының өзгеруіне, құрғауына әкеледі. Буын қиындықпен қозғалып, біздің белсенді әрекет етуімізге кедергі келтіреді.
Су иммундық жүйенің қызметін жақсартады. Біріншіден, иммундық жүйе ағзаға қан арқылы таралады. Ал қан қоюланып қалса, ұсақ буындардың арасына жетуі неғайбыл екенін жоғарыда айттық. Екіншіден, иммундық жасушалардың пайда болуы суды қажет етеді. Үшіншіден, несептің дұрыс айдалмауы мен керек емес заттардың ағзадан толық кетпеуі иммунитетті түсіреді.
Бас ауыру, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі - бұл ағзасындағы су мөлшері аз адамға кездесетін қиындықтар. Орталық жүйке жүйесінде орын алатын өзгерістер, қиын химиялық реакциялар және миға оттегі жеткізу, мұның бәрі суды қажет етеді.
Сіз спортпен шұғылданған кезде немесе ауа ыстық болса, ағза ыстықтан тер шығару арқылы қорғанады. Тер тері сыртына шығады да, сол әрекетімен ағзаны салқындатады. Айтпақшы, тері токсиндерді шығарудың тағы бір жолы екенін ұмытпаңыздар.
Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Одан бөлек, тамақты қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік заттар пайда болады. Ал бұл кейін тамақтан улануға әкеліп соқтырады. Қуанышқа қарай, судың көптігінен біздің бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несеп арқылы ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады. Айтпақшы, тағы бір маңызды мүше бауыр да сусыз жұмыс істей алмайды.
Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Бұл салмағы 65-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан да ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады. Мысалы, сіз 90 келі тартасызү 90*30=2700 мл су.
Оқуға кеңес береміз:
Денсаулығыңыз мықты болу үшін қанша су ішу керек?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі