Енді бір кезекте Семейде өлең айтып жүріп, Тінібай көпестің үйінде болады. Көрші-қолаңдардан ақынның өлеңін тыңдаушылар көбейеді, мəжіліс қызады. Тінібай байлықпен қолы жеткен адам болғандықтан, мұндай басты мəжілісте тəуір көрген адамдарын шақыртатын əдеті болады екен. Сол əдет бойынша мəжіліске Семейдің жандаралының ұл-қыздарын шақыртып, кісі жіберіпті. Түбек бұл күнге дейін бірлі-жарым орыстың елге барғанының ғана төбесін көрмесе, жүздесіп, мəжілістесіп көрмеген. Жандаралдың қызына жіберілгенге асығып айтқан өлеңі:
— Тінеке, мен келгелі намаздыгер,
Босқа отырма, қызға тағы біреу жібер.
Жалғыз өзім бұл жерде не боламын?
Арғын, Найман аруағы, көтере көр, —
депті.
Бірақ жандаралдың қыздары қоңыраулы пəуеске жеккен тройкамен музыкалатып, оқалы киім, сары ала түймелі қыз-қырқындар жын-перідей желпінісіп, мəжіліске еніп келгенде, асығып күткен ақын жынын алдырған бақсыдай булығып, тілі күрмеліп, үні шықпай қалыпты. Əйтсе де ол
мəжіліс өтіп кетеді. Артынан қошеметшілер:
— Қыз келгенде қылығың неге өзгерді? — десе, Түбек:
— Мен бұрын орыстың ондай салтанатын көріппін бе? Тілім байланып, аузыма сөз түспей қалып еді, қайта Сабырбай болып кеп, біреу сары ала қамшымен тартып кеткенде, тілім шығып, тағы да сайрап кеттім емес пе, — депті-мыс.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі