Жаздың таңында тоғайға барсаң, шөп арасында сансыз меруерт көресің, сол меруерттер күннің көзіне жылт-жылт етіп, біресе қызыл, біресе сары, біресе көк болып құлпырады. Құлпырып тұрған немене деп жақындап қарасаң, үшкіл жапырақтар үстінде жылтылдап тұрған шық тамшылары болып шығады.
Сол жапырақтардың астары — бейне бір түкті барқыт. Бетінде тамшылар домаласа да, жапыраққа су жұқпайды. Жапырақты аңғырттана жұлып алсаң, жылтылдақ тамшылар моншақтай домалап, сабағынан құлап түсіп кеткенін көрмей қаласың. Сондай бір топ жапырақты ақырын үзіп алып, аузыңа ептеп апарып, шықтарын сорып қойсаң, қай сусыннан болса да, тәтті болушы еді!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі