Үшінші сыныпта оқитын Досалы үйіне көңілсіз қайтты. Келді де, шай ішпестен жатып қалды. Апасы бәйек болып жүр. — Қарағым, бір жерің ауырып жатыр ма?
— Жоқ.
— Ендеше, неге жатырсың шайыңды ішпей?
— Ойланып жатырмын.
Ақшыбық апа қайта мазаламады. «Ойланғысы келіпті, ойлансын, есеюдің басы. Есі кіріп қалған екен-ау қарашығымның...». Шайды жинастырды да, жұмысына кетті...
Досалы төбеге қарап ұзақ жатты. Ол Ақшыбықтың жалғызы еді. Апасы бетінен қақпайтын. Айтқанын орындайтын... Досалының сабаққа салғырт екенін іші сезетін. Мектептен келе сала қоңыр сөмкені атып ұрып, ойынға кіріседі.
— Балам, бірауық сабағыңа қарасаңшы.
— Кешке оқимын...
Кешке кітап ақтару қайда, тамақ ішуге де шамасы келмей, сұлап түседі.
Досалы ойланып жатыр... Бағана сабақ үстінде алғаш рет өзінің жалғыз екенін аңғарды. Сыныптастары екіден, үштен топтасып алыпты. Мұнымен ешкімнің жұмысы жоқ... Ешқайсысы көңіл аударар емес.
Жақсы оқу үшін не істеу керек? Оқушылардың бәрі де далада жүреді. Сабаққа қашан әзірленеді сонда?!
Есіктен апасы кіріп келе жатты.
— Апа! — деді Досалы орнынан тұрып, — Менімен балалар неге дос болғысы келмейді?
— Үлгерімі нашар оқушымен кім дос болмақ...
— Жақсы оқу үшін не істеуім керек?
— Ойынды азайтып, кітапқа бас қою керек. Оқып қана қоймай, көңілге тоқыған жөн.
— Біздің сыныптың үздік оқушылары да ойыннан қалмайды, олар қалай үлгереді?
— Үздік бала күнделікті жұмыс кестесін жасайды. Соған дағдыланып, ойнауға да үлгереді, сабақты да, жұмысты да тиянақты атқарады.
Досалы күн тәртібін жасауға бел буды. Қолына қалам алып, жазу үстеліне отырды.
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі