Жұмаш пен Құрмаш аталарына, жайлауға барды. Құрмаш атасына көмектесіп, қозы бақты. Ал Жұмаш кешке дейін асық ойнап, тайға мініп, мәз-мейрам болды. Оған күн тез батып кететін секілденді. «Жайлаудағы күннің қысқасын-ай!» — деп налыды ол. Құрмаш болса, кешке дейін мал соңында сарғайып, күнді батыра алмайды.
Бірде Жұмаш ойыны қанбай қайтты да, Құрмашқа:
— Жайлау жақсы екен, тек күні қысқа, шартта-шұрт ойнап жатқанда батады да кетеді, — деді.
Құрмаш:
— Жоқ, күн қысқа емес, ойындарың қызық шығар, — десе де болмады. Екеуі жат та кеп таласты.
Ақыры Құрмаш:
— Онда ертең менің орныма бір күн қозы бақ, — деді. Жұмаш келісті. Ертеңіне ертемен қолына таяқ ұстап, қозыны өріске шығарды. Қозылар төскейде мамырлап жайылып жатты. Ауыл жаққа көз тастап еді, балалар ойнап жүр екен. «Мен де барып ойнасам» деп асықты, бірақ күн саспады. Қайта-қайта қараса да, орнында тұрды да қойды. Көзін жұмып біраз отырып, күн жылжыды ма екен деп, қайта ашса да, болмады. Тіпті бір орнынан қозғалмай тұрғандай көрінді. «Бұл қалай, күнде мұндай емес еді ғой, — деп таңданды Жұмаш. — Қой, мынау бүгін бататын күн емес», — деп, шыдамсыз, жалқау түс болмай қозыны қораға айдап келді. Келген бетте Құрмашқа:
— Жайлаудың күні әрбасқа болады екен. Кейбір күндері қысқа, кей күні ұзақ. Әсіресе бүгін ең ұзақ күн болды, — деп, қозыны тастап, тұра жөнелді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі