— Жамила, тағы да көктегі қанатын кең жайған құстарды бақылап отырсың ба? Жылы жаққа қайтқанда да, жылы жақтан ұшып келгенде де, басыңды жоғары көтеріп, көзіңді шарықтан алмайсың. Саған осы құстар менен қатты ұнайды-ау деймін, - деп жігіт сәл жымиды.
— Иә, көкке де, құстарға да, олардың еркіндігіне де ғашықпын! — деп қыз ішкі сезімімен бөлісті.
— Еркіндік? Адамда да еркіндік бар емес пе? — деп жігіт таңғалды.
— Құстарға қарасам, Аллах оларға еркіндік берген екен. Адамда еркіндік бар, бірақ еркіндік деп нені танимыз. Көпке топырақ шашпайық, бірақ адамдар стереотиппен өмір сүреді. «Ұят болады, істеуге тыйым салынған, ел не дейді? Мен туралы не ойлайды?». Сонда еркіндік бар деп айта аламыз ба? Тіліңмен емес, біліміңмен жүгіретін заманда стереотип дегенді қойып, рухани дүниемізді байытып, жүрегіміздің қалауын орындасақ, өміріміз 180 градусқа өзгерер еді. Ал құстар шарықта қалықтайды, қанатын кең жаяды.
— Қаласаң мен де қанатымды кең жаяйын, сені құшағыма алайын, - деп жігіт ізгі ниетін білдірді. Алайда адамның құстан кем болғаны ма?
— Аллах құсты жаратқанда, әрбірін тек белгілі бір биіктікке ұша алатындай етіп жаратқан. Сондықтан оларға шектеу бар. Ал Аллахтың адамға беретін мүмкіндіктерінде шектеу бар ма? Адамның қанаты болмаса да, Жаратқан көзге көрінбейтін, қолмен сезілмейтін қанат берген, ол оның қолдауы мен мейірімі, ол әр адамның өмірге деген, мақсаттың орындалуына деген құлшынысы, алайда оны біле ме екен?
Адамды қанаты оны көктің ең биігіне жеткізуі мүмкін, Аллах оған мүмкіндік берген, сонымен қатар, таусылмас күш берген. Сондықтан әрбір адамның құстан да биік көкке көтерілу мүмкіндігі бар. Ей, адамдар, құс қанат ғұмырда мүмкіндіктеріңді жоғалтып алмаңдар! — деді қыз.
— Телегей теңіз біліміңнен, өмірді сезе білу қабілетіңмен айналайын, - деп, жігіт қызды бір еркелетті.
— Білесің бе? Құстар жылы жаққа ұшып кеткенде, көктем болып, бәйшешек шыққанда, қайта оралады, алайда кей адамдар өмір оны тоңдырды ма, әлде жылулығын сыйлады ма кейде ажырата алмайды. Сондықтан оның тәкаппарлығы басып, жылы ұясына қайта оралмауы мүмкін. Мен сондай адамдарды аяймын, әрдайым өмірге позитивті қарап, тоңдырса да, тоңбау керек. Өмірді ақ нұрға бөлеу, жылулық сыйлау өз қолымызда.
Жігіт бір сұрақ толғандырды да, қыздан сұрай бастады:
— Сенің ойыңша, о өмірдегі адамдарға қайта келуге мүмкіндік бере ме? Бір сәт болса да, жақындары қайта көре алады ма екен?
— Тек бір ....
— Не бір?
— Тек бір мүмкіндік, бір ... , - деп қыздың көзі мұңға толды.
— Неге бір? Не бір? Неліктен мұңайдың? Араласқанымызға бір жеті болды, ал сен қоштасардай сөйлеп тұрсың, - деп жігіт аң-таң болды.
— Иә, бір мүмкіндік, бір апта берілді, енді бір минуттан кейін мен сол құстардың жанына барамын, қанатымды жайып, қайта ораламын, - деп ойлап, қыздың көз моншақтары жерге тамшылады. Қанаты пайда болып, жігітті жерде жалғыз қалдырып, көкке ұшып кетті.
Эпилог.
Жамиланы Аллах тағала бір жетіге өзінің күйеуімен қайта жүздесу үшін өзге қыз кейпінде жіберіп еді, міне, енді, ақтық демі, соңғы минуты таусылды, құс қанат ғұмыр өз нүктесіне жетті .
Міркемел Айнұр Мұратқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі