Күләштің өнерді қастерлеп, ән-күйге әуес болып өсуінде белгілі бір заңдылық та жоқ емес.
Әкесі Жасын — әжептәуір әнші болған, сері адам. Кезінде әйгілі Әсетпен, Балуан Шолақпен бірге де жүріпті. Бір ағасы Манарбектің әншілігі — анау, Айтбек ағасы да әнді әдемі салатын, сырнайға қосылып айтатын. Осындай ортада өсіп, тәрбие алған Күләш өнерге жақын жүрмей қайтсін?!
Күләш табиғатында ашық-жарқын, көңілді жүретін адам еді. Титтей нәрсеге бола қуана салатын, оны қуанту оңайдың оңайы еді. Ренжи қалса, реніші көпке ұзамайтын, кек сақтап қатып қалу дегенді білмейтін. Таланты қандай жарқын болса, мінезі де сондай жарқын жан болатын.
Қазақта өнер адамдарына баға бергенде «арқасы бар екен» деп жатады. Сірә, сол пікір әркімнің қолынан келе бермейтін, адам түсінігі жете бермейтін шеберлік көрсеткендерге айтылатын болу керек. Әншейіндегі өзің сияқты адамның өзгеріп кеткенін көргенде, еріксіз солай дейді екенсің. Күләштің Қыз Жібекті ойнағанын көргенде, нағыз арқасы бар адам екенін білдім. Күләш емес, Қыз Жібектің өзі келіп ойнап жатқан секілді: өз қимылы өзіне таныс, өз әні өз дауысына сай, бәрі өзінің туғалы істеп келе жатқан әдеттегі істері тәрізді, бүкіл сахнаны өзі биледі де кетті.
1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі Күләшті жаңа қырынан танытты.
Содан былай «қазақтың бұлбұлы» деген атты Күләшқа бәріміз сүйсіне айтатын болдық. Оның шын бұлбұл екендігіне елдің де көзі жетті, бұлбұл екендігіне Күләш та көзімізді жеткізді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі