Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді. Ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз аспанда тұрыпты. Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Қораз қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қоразға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, Жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті. Ойланып отырып, былай депті: «Менің байқауымша, сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмейін. Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың».
Содан бері Қораз қызарып, шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «Қо-қо-қоқ!» — деп айғайлайтын болыпты. Онысы: «Қайырлы таң, мейірімді аға!» — дегені екен. Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі