Өлең, жыр, ақындар

Ай неге жалаңаш қалды

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.

Ай неге жалаңаш қалды

— Иә, мен қателескен екем, — дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.

Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, — дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.

Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай әрі іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.

Оқуға кеңес береміз:

Ай мен күн

Ұстаз бен шәкірт


WhatsApp Telegram

Пікірлер (5)

дариға

өте қызық

Дархан

Супер

Әбіләз

Ай неге жалаңаш қалды ертегісі маған ұнады

Тоқай

«Ай неге жалаңаш қалды» атты қызықты қазақ ертегісі балаларға күлкілі әрі ойландыратын сюжет ұсынады. Ертегіде әрқашан дұрыс өлшем мен табандылықтың маңызы көрсетілген, бұл балалар мен ата‑аналарға үлгі боларлық әңгіме. Мұндай балалар ертегілері қазақша оқу мен ұлттық әдебиетті насихаттауға жақсы материал болып табылады.

Нур

«Ай неге жалаңаш қалды» ертегісін оқып, қатты күлдім әрі қазақ фольклорының тапқырлығына таңғалдым! Қандай қызық, қандай әдемі түсіндірме!

Пікір қалдырыңыз