Өлең, жыр, ақындар

Ай мен күн (ертегі)

Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

Ай мен күн

— Сенен мен сұлумын! — дейді. Ал Айсұлу болса:

— Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! — деп таласады.

Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (6)

Қоишыбаи Нұртілеу

Өте тамаша

Айым

керемет

Болат

Айсұлу және Күнсұлу туралы ертегі

Азамат

Ай мен күн ертегіcі маған ұнады

Елемесов Ералы

Оте керемет

Мадина

Балаларға арналған супер ертегі! Ай мен Күн ертегісінде екі апалы-сіңлі сұлулық үшін таласып, Күнсұлу Айсұлудың бетін тырнап, теңбіл қылып тастайды. Балама оқып бердім, күліп отырып тыңдады. Осындай қазақша ертегілерді жариялап жүрген Bilim-all сайтына рахмет!

Пікір қалдырыңыз